«Древний Рим» ісі: Баламды өлтіргендер жазаланған жоқ

04.11.2019, 20:11

73

Бүгін Қарағанды қаласында «Древний Рим»оқиғасына қатысты сот үкімі шықты.Жаңа жыл түні болған қанды оқиға қоғамдықрезонанс тудырып, жүздеген адам көшеге шыққан еді. Қарағандыдағы «ЖасАлаш»тілшісінің хабарлауынша, 13 айыпталушы бұзақылық және кісі өлтірубабы бойынша әртүрлі жазаға тартылды.

Негізінен сот материалдары бойынша марқұм болғанРақымжан ЖАНСЕЙІТТІ 5 адам жабылып ұрған. Соның ішінде марқұмды пышақтаған  айыпталушы Юсиф НУРУЛУ 19 жылға басбостандығынан айрылды. Ал қалған төрт айыпталушы Т Степанян, А Оганнисян, Б.Жумамуратов, И Щурок  3 жылға сотталды.

Бұзақылық әрекетке барып төбелесті деп айыпталған  алты күдіктінің 4 жыл 6 ай мерзімінебостандықтары шектелді. Бұған дейін қамауда болған олар сот залынан бостандыққашықты.

Сонымен қатар соттың шешімімен  суық қару қолданбаған әрі зардап шеккендергетікелей зиянын тигізбегені айғақталған күдіктілер Сохак Малхасян мен АрменаХачатрян қылмыстық жауапкершілікке тартылудан босатылды. Осы уақытқа дейінкепілге мүлік қою арқылы бостандықта жүрген Илья Щурок бүгінгі сот отырысынакелмей, басқа қалаға кетіп қалған. Оны үш жылға соттаған судья рұқсатсызқаладан кетіп қалғаны үшін жеке хаттама толтыратынын ескертті.

Сот үкімі кезінде 19 жылға сотталған ЮсифНурулуның анасы есінен танып қалды. Соттан кейін есін жинаған Сара Мухтаровасот үкімімен келіспейтіндігін жеткізді.


«Меніңбаламның кісі өліміне тікелей қатысының жоқ екені анық, оған басқабіреудің  айыбын жауып отыр. Мен барлықтүркі елдеріне шағымданып араша сұрайтын боламын»,- деді айыпталушы ЮсифНурулуның анасы Сара Мухтарова.

Марқұм Рақымжан Жансейіттің әкесі Бақытжан Жансейіттесот үкімімен келіспей отыр. Ол міндетті түрде аппеляциялық сотқа шағымданатынынмәлімдеді.

«Менің баламдыжабылып таяқпен ұрған, пышақтаған  жігіттердің ішінде біреуі ғана 19 жыл алды. Алқалғандары үш жылға ғана кесіліп отыр.Бұл әділеттік пе, олардың мойнында меніңбаламның қаны бар. Прокурор 6 жыл сұрағанда ең құрығанда 5 жыл беретін шығардеп ойлаған едім. Баламды жабылып, ұрған бейнежазба бар, бірақ бір бейнежазбажоғалып кеткен. Баланы ұрып соғып болған соң, әкеліп тастаған сәті болса керек.Сол бейнежазба жоғалып кеткен», — деп мәлімдеді Бақытжан Жансейіт. 

Бақытжан Жансейіт кінәлі тараптан 20 млн теңгеөтемақы берілсін деп талап еткен. Сот шешімі бойынша 2 млн 350 мың теңге ЮсифНурулудан Бақытжан Жансейітке өндірілетін болды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 1 қаңтарында «ДревнийРим» мейрамханасына жаңа жыл мерекесін тойлауға келгендер арасында жанжалшығып, мұның соңы үлкен дау дамайға ұласқан. Жанжал барысында 22 жастағыРақымжан Жансейіт қаза тауып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған еді.

Фотоларавтордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44