«Древний Рим ісі» тергеуге қайта жіберілмейді

06.09.2019, 16:56

141

Қарағандыда  жаңажыл күндері кеншілер шаһарында шу туғызған «Древний Рим» оқиғасына қатыстыекінші сот отырыс өтті. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайтының Қарағанды өңірінің тілшісі хабарлайды.

Бүгін судья Шәріп СЕЙСЕМБАЕВ «қылмыстық істің қайтаданқосымша тексеруге кетпейтінін, соттың жалғасатынын» мәлімдеді. Алғашқы сот отырысы кезінде адвокаттар сотқатергеудің әділ жүргізілмегенін айтып, қосымша тексеру үшін істі қайтадантергеуге жіберсе деген өтініш айтқан болатын.

Бүгін күдіктілер сот алдында жауап бере бастады.  Сондай-ақ судья Каир НАДИРБЕКОВТІҢ  шағымына қатысты прокурорларға тексеріс жасап,26  қыркүйекке дейін оның қорытындысыншығару туралы тапсырма берді. Келесі сот отырысы 12 қыркүйекте өтетін болды.

Еске сала кетсек, биылғы жылы жаңа жыл кешінде Қарағандықаласындағы «Древний Рим» мейрамханасында жаппай төбелес болды. Пышақ жарақатыналған 23 жастағы өрімдей азамат  РақымжанЖАНСЕЙІТ көз жұмды. Сотқа марқұмның анасы адвокатымен қатысты.

Он екі айыпталушы сегіз ай бойы тергеу абақтысындаболған. Тек біреуіне ғана бұлтартпау шарасы қолданылған. Күдіктілердің жасы 19бен 46 жас аралығында. Айтпақшы, тағы бір күдікті Нарек Г есімді азамат  Қазақстаннан қашып кеткен еді. Ол Ресейдеұсталды. Қазір көрші елдің абақтысында. «Древний Рим» мейрамханасындағыоқиғадан кейін Қарағанды көшелеріне жүздеген адам ереуілге шыққан еді. Халықтергеу мен соттың ашық һәм әділ өтуін талап еткен.

Фото: zhasalash.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 


 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24