"Древний Рим" ісі: Ұлымды жауыздықпен өлтірген

08.11.2019, 15:12

5

Төртіншіқараша күні Қарағандыда қоғамдық резонанс тудырған «Древний Рим» ісі бойыншасот үкімі шыққан еді. 2019 жылдың жаңа жыл түні жаппай төбелесте РақымжанЖАНСЕЙІТ есімді 23 жастағы азамат көз жұмған еді. Күдікті ретінде 13 адамғаайып тағылған. Судья Юсиф НУРУЛУНЫ 19 жылға, Т. Степанян, А. Оганнисян, Б.Жумамуратов, И. Щурокты 3 жылға соттады. Төбеелске қатысқан тағы да алты адамды4 жыл 6 айға бостандықтарын шектеді. Ол үкімнен соң бірден сот залынан босап шықты.Және Сохак МАЛХАСЯН мен Армен ХАЧАТРЯН қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.Марқұмның әкесі Бақытжан ЖАНСЕЙІТ бірден сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.Апеляциялық шағым білдіретінін журналситерге айтқан-ды. Өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі осы мәселелерге қатысты Бақытжан Жансейітпен сұхбаттасыпқайтқан еді. 

— Жаңа жыл түні ұлыңыз  Рақымжан қайда болып еді,  «Древний Рим» мейрамханасына  қалай барып жүр?

-Осыуақытқа дейін көптеген журналистер қате жазып келді. Менің балам Рақымжан бұлмейрамханаға бармаған болатын. Біз Қарағандыдан  тоғыз шақырым жердегі Жаңаөзен деген ауылдатұрамыз. Жаңа жылда Рақымжан қасымызда болған. Сосын ауылдағы мәдениет үйіндегіби кешіне кеткен болатын.  «ДревнийРим» мейрамханасында әпкемнің қызы достарымен қыдырып жүрген. Сол түнніңортасында менің қызыма қоңырау шалып, төбелес болып жатқанын хабарлайды. Қызыммаған мұны айтқан соң, ұлыма бірден қоңырау шалдым. Бірақ ол телефонын алмады.Сосын Рақымжанның  жақын досына Тимурға хабарластым.Ол маған «Рақымжан қасымда алаңдамаңыз үйге келе жатырмыз» деді. Мен оныңалдында көлігі бар досыма баламды іздеп шығайық деп қолқа салған болатынмын.Досыма қайта қоңырау соғып жолға шықпайтынымызды айттым. Арада он бес минутөткене соң жаңағы жолдасым хабарласып, Рақымжанның достарын кездестіргенінолардың менің баламды таба алмай жүргенін айтты. Осыдан кейін түні бойыдостарымен бірге баламды іздедік. Майқұдықтағы, Мақажановтағы ауруханаға бардық.Онда жараланып түскендер бар екен, бірақ Рақымжанды таппадық. Содан кейін «төбелесболған жерді көрсетіңдер, сонда барайық» дедім. Барсақ біздің алдымыздасонда келіп тоқтаған екі досы Рақымжанның жатқанын көріпті. Біз келген бетте «Рақымжандыөлтіріп кетіпті» деп айғайлап жіберді. Естен тана жаздадым. Баламның достарына«неге Рақымжанды іздемедіңдер» деп ренішімді айтқанмын. Бірақ олар қарбаласкезінде сол жерден ол да қашып кеткен шығар деп ойладық  деп жауап берді.

— Тергеу жұмыстары мен сот қалай өтті?

-Судьяныңүкіміне көңілім толмады. Менің баламды шынжыр темірмен ұрып  пышақтап тастаған. Денесінде сау жер жоқ. Жанымтүршігіп жүрегім қан жылады. Мен сол кезде ұлымды екі-ұш адамның жауыздықпенөлтіргенін айтқаным. Қазірде сол сөзімді қайталаймын. Сот барысында төбелес 62секунтқа созылды деді. 62 секунта адамды денесінен сау жер қалдырмай кескілеу мүмкінемес.  Бір адам пышақтады деп оған 19 жылберді, ал қасындағылардың барлығына үш жылдан ғана берді. Оның біреуі сот үкіміалдында қашып кетті. Баламды өлтіргендер бір жылдай отырды. Сосын мерзіміненбұрын бостандыққа шығып кетеді. Сол себепті мен апеляциялық шағым түсіремін.

-Осы қайғылы оқиғадан кейін сізге қандайда бір қысым жасалғанжоқ па?

— Жоқ.Заң органдары мен билік өкілдері тергеу жұмыстары әделтті түрде жүргізіледі,әділ сот болады деп сөз берген. Бірақ қылмыскерлер тиісті жазасын алмады.

-Ақша ұсынғандар болды ма?

-Ақшаұсынғандар болған жоқ. Біз енді сотта материалдық және моральдық шығын депкөрсеткенбіз. Оның барлығын сотпен қиып берген жоқ. 19 жылға сотталғанайыпталушы 2 млн үш жүз мыңнан астам қаражатты материалдық, 3 млн теңгеніморальдық шығын ретінде төлейтін болды. Айыпталушылар жабылып жүріп азданматериалдық шығынды өтеген болатын. Басқа артық ақшаны ешкім берген де, ұсынғанда жоқ.

-Ұлыңыз Рақымжан қандай бала еді, немен айналысатын?

-Рақымжанаузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл бала болған еді. Біреуге қажет болсаүстіндегі киімін шешіп беретін. Досқа адал, туысқандарына  мейірбан болатын. Сол күні би кешінде жүргендедостарының сөзін аяқ асты етпей «Древний Рим» мейрамханасына барған ғой. Соданкейін оралмады.  «Шұбаркөлкөмір» компаниясында ауысым бастығы болып еңбек етіп жүрген. Жасынанспортпен айналысатын. Отбасын да құрып үлгере алмады. Тірі болғанда 19 қазанкүні 24 жасқа келетін еді. Небәрі 23 жасында қыршын кетті.

Сұхбаттасқан Арай САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ

Фотоны автор ұсынды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34