Дулат Ағәділдің жұмбақ өлімі жұмбаққа айналып барады

14.05.2020, 12:10

6

  Азаматтықбелсенді Дулат Ағәділдің Нұр-Сұлтан қаласындағы СИЗО-да жұмбақ жағдайда көзжұмғанына екі жарым айдан астам уақыт өтті. Бірақ халықаралық резонансқаайналған істің нүктесі әлі қойылған жоқ.

 Нүкте қойылмақтұрмақ, тергеп-зерттеу ісі орнынан мысықтабандап жылжымаған секілді. Осы мәселегебайланысты әлеуметтік желіде дау бұрқ ете қалды. Дулаттың жесірі ГүлнарҚасымханова адвокат Айман Омарованың осыншама уақыт бойына тергеу амалдарыныңқандай деңгейге жеткенін және қажетті ақпараттарды зардап шегушіге бермейотырғанын жазады. Естеріңізге сала кетсек, бұл қылмыстық істе ГүлнарҚасымхановаға тергеушілер биыл 10 наурызда «зардап шегуші» деген мәртебеберген. Дулаттың жесірі өзінің жазбасында: «Дулат қаза болысымен біз адвокатБауыржан Азановпен келісімшартқа отырдық. Бірақ бірнеше күннен кейін Дулаттыңағасы Қанат Азановтың жұмысына көңілі толмайтынын, Айман Омарова дегенадвокатты қалайтынын айта бастады. Дулатты жерлеуге Айман Омарованы жақсытанитын Серікжан Біләш та келді. Серікжан Дулаттың анасы мен үлкен ұлымызНұрболаттың Алматыда Айман Омаровамен кездесуіне көмектесті. Кездесу барысындаанамыз бен Нұрболат Омароваға біраз құжаттарды тапсырды. Ол құжаттар Дулаттыңәртүрлі соттардан келген қағаздары, тәртіп сақшылары мен судьялармен жазысқанхаттары еді. Айман Омарова іске кіріскесін Бауыржан Азановпен келісімшарттыбұзу туралы өтініш айтты. Айман Омарова Дулаттың отбасына «іске жалғыз адвокатқана араласуы керек» деген шарт қойды. Сондықтан 2 наурызда Бауыржан Азановқателефон соқтым да, онымен келісімшартты үзетінімді хабарладым. Ұрыс-керісболған жоқ. Салқынқанды әңгімелестік. Дулаттың анасы жазған видеодан бейхабаредім. Одан кейін Бауыржан үйге келді. Жағдайды түсіндірдім. Дулаттың анасықабылдаған шешімі мен сөзіне әсер ете алмайтынымды жеткіздім. Көп өтпей, тергеуісі бойынша бізді прокуратураға тергеуге шақырды. Бізбен бірге Серік Жахин менҚайырлы Омар да барды. Мен оларға Бауыржан Азановпен келісімшартты бұзғанымдыайттым. Олар менен «жазбаша түрде бұздың ба» деп сұрады. «Жоқ» дедім. СерікЖахин мен Қайырлы Омар келісімшартты бұзбауға, Бауыржанның да үндемей жұмысістей беруі керек деп кеңес берді. Қалайы дұрыс екенін білмедім. Олардыңкеңесіне құлақ астым», – деп жазады.

    Әрі қарай Гүлнаржазбасында сәуірдің соңында Айман Омароваға телефон соғып, құжаттарды сұрағанынжазады. Адвокат бірнеше күннен кейін беріп жіберетінін айтады. Бірақ 3-4 күнненкейін қайта телефон соққанда Айман Омарова зардап шегуші жақтың құқық қорғауұйымына шағымдануына байланысты құжаттарды принципті түрде бермейтінін айтыпты.Гүлнардың жазуынша, ол ұйымның телефонын Дулат көзі тірісінде жазып қалдырғанекен. «Біз Дулаттың СИЗО-да қайтыс болуына байланысты істің қазір қандайдеңгейде екенін әлі де білмейміз. Біз де сіздер секілді Айман Омарованыңәлеуметтік желідегі Дулаттың отбасы атынан жариялап жатқан мәлімдемелеріненғана біліп отырмыз», – дейді.

    Ал Айман Омароваболса әлеуметтік желідегі парақшасында «Халықтың ақшасын жымқырып, шетел асыпкеткен саяси топтар мені өз мақсатына қалай пайдаланғысы келетіні туралы» дегентақырыппен пост жариялады. Адвокат өз жазбасында марқұм Дулат Ағәділдің ісіненбас тартқанын және оған себеп болған бірнеше мәселені айтыпты. «Біріншіден,маған марқұмның жақындары әу бастан дұрыс ақпарат бермей келгені белгілі болды.Қазіргі таңда аталған отбасының менен басқа тағы да екі адвокаты барын білдім.Оның бірімен Дулат Ағәділдің келіншегі келісімшартты бұзбаған болып шықты.Нұр-Сұлтанда бір рет кездескен Дулаттың жары Г.Қасымханова келісімшартшарттарын біле тұра, маған келісімшарты бұзылмаған тағы бір адвокаты бар екенінхабарламады. Керісінше, ол мені адвокаттары жоқ екеніне сендіргісі келді.Екіншіден, марқұмның туыстарының өзара қарама-қайшы іс-әрекеттері. Мен ДулатАғәділдің анасының мүддесін қорғадым. Ал Ағәділдің жесірі М.Әблязовпен серіктесболу туралы тұспалдап айтып қалды» деп жазады. Айман Омарованың жазуынша,Гүлнар Қасымханова шағымданған «Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы да қашқынбанкир М.Әблязовқа телиді де, мұндай саяси ойыннан шығатынын мәлімдейді.

   Айман Омаровамүддесін қорғаған Дулаттың анасы Азаттық радиосына берген сұхбатында «Менадвокат Айман Омаровадан бас тартпаймын. Егер өзі бас тартып жатса, өзі білсін.Мен бас тартпаймын» деп екі рет қайталады.

Айман Омарованың бұл ұстанымы М.Әблязовтің Украинағақашып кеткен серіктесі Жанна Ботаның жанына да қатты батса керек. Адвокаттыңізін ала «Саяси өлім саясаттан тыс қалмауы керек» деген тақырыппен пост жазды. «АдвокатАйман Омарова Ағәділдің өлімін саяси астармен байланыстырғысы келмейді. Соңынанерген адамдарды «мен саясатқа кірмеймін» деп алдайды. Айман Омарова Ұлттықсенім кеңесіне мүше болғандықтан, саясаттың бел ортасында жүр. Одан соң, «Ашықдиалог» ұйымы, М.Әблязов және ҚДТ-ға баға беруге тырысады. Бұл бағалаудыңбарлығы Қазақстандағы режимнің насихатымен сайма-сай келіп, Еуропарламент,халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, БҰҰ, ЕҚЫҰ резолюция, декларация жәнемәлімдемелеріне мүлдем кереғар.

Ең басты қорытындыны шығару да қиын емес. Айман ОмароваАғәділдің өлімінде саяси астар жоқ деп есептейді. Онымен келісімшартты бұзғандаосы нәрсе анықтаушы факторға айналуы тиіс. Дулаттың қаза болғанына екі жарым айөтсе де, отбасы мен қоғамнан не себепті барлық нәрсені бүркеп келгені белгіліболды», – деп қорытынды жасаған.

  Атпалдайазаматтың жұмбақ өлімін анықтау үшін қоғам болып белсене ізденіп, шындықтыашудың орнына осылайша бір-бірін айыптау өршіп кетті. Бұл жерде жеке бастыңмүддесі араласты ма, әлде саяси амбициялар соғысы басталды ма, түсініпболмайсың. Діндар бауырларымыз секілді бәрін сайтаннан көрейік десек, оразаайында олар шынжырда жатыр. Ал ел-жұрт болса Дулаттың жұмбақ өлімінің себебінбілгісі келеді.

 


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34