Дулат Исабеков Әбішевке араша түсті

12.09.2019, 18:19

44

 Бүгін елордада бұрынғы ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы, қазіргі кезде тергеу изоляторында отырған Ислам ӘБІШТІҢ ісіне байланысты баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиынға экс-шенеуніктің адвокаты Абзал ҚҰСПАН, жазушы Дулат ИСАБЕКОВ  пен тағы бір істі болып отырған азамат Серік ТӨКЕЕВТІҢ қорғаушысы Ерлан МӘКЕНОВ қатысты.

Ислам АЛМАХАНҰЛЫ 2012 жылдың ақпан айында ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. Осыдан кейін Астана су қоймасының реконструкциясына бөлінген 31 млрд. теңгенің 29 млрд. теңге қаржысы артық екенін дәлелдеп, барлық нысанды 2 млрд. теңгеге толық аяқтаған. Өз кезегінде бұл әрекет артық қаражатты қалтаға басуды көздеген жоғары лауызымды тұлғаларға жақпағанын, 2013 жылы Ислам Әбішевті қызметінен аластатуы да өзге шенеуніктердің ойластырғаны, деп түсіндірді қорғаушы Абзал Құспан. Дегенмен араға тоғыз ай салып 2014 жылдың шілде айында экс-президент Н.НАЗАРБАЕВ  аталған қызметке қайтадан Ислам Әбішевті тағайындаған болатын. Төрағалық қызметінен аластатылған тоғыз айдың ішінде минстірлік құны 1,5 трлн. теңге болатын бағдарлама жасаған. Тағы да бағдарламаның 1 трлн. теңгесі артық екенін дәлелдеп, мемлекет қорына қайтарғаннан кейін Ислам Алмаханұлы мен әріптестеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Бюро тарапынан қысым көрсету басталған. Азаматтың қызметте әріптес болған, замандастары Өмірбек ЖАМПОЗОВ пен Сейілхан МҰХАМЕДИЕВ өздерінің жазықсыз екенін айтып, түрлі себеппен көз жұмды. Биыл 14 наурызда Ислам Әбішев зейнетке шығуына 2 ай қалғанда 60 млн. теңге пара алды деп айыпталып, тұтқындалды. Ұлттық бюроның ресми өкілі Жанна Бастарова Әбішев пара алғаны үшін қамауға алынды деп мәлімдеген. Алайда азамат пара алғаны үшін емес, «пара алуға оқталды» деген желеумен тұтқылдалғаны істі қараудағы шикілікті аңғартқандай.   Адвокат Абзал Құспан Ислам Алмаханұлы тергеу изоляторында отырған 6 айға жуық уақытта 4 рет инфаркт алғанын айтып отыр. Осы жағдайға қарамастан, үйқамаққа жібермеуі дұрыс шешім емес дейді қорғаушы. 
«Ислам Әбішев лауазымды қызметте отырған шағында 1 трлн. 300 млрд. теңгені үнемдеді дейді көпшілік. Анығында үнемдеу бір бөлек, ол қолды болып бара жатқан қаржының бәрін мемлекет қорына қайтарған. Әзірге 366 баптың 4-тармағы бойынша айып тағылып отыр. 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша айтар болсақ, қандай да бір дәлелдемелер жоқ. Пара беруге оқталды деп айыпталып отырған келесі адам Шаймерденов атты Ұлттық бюроның бұрынғы қызметкері. Бірақ, Әбішев ол азаматтан ақша сұрамаған, тіпті бас тартқан деп толық айта аламыз. Қазіргі кезде тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Сот ашық түрде өтеді деп сенеміз және жабық түрде өтуіне еш негіз жоқ. Сот барысында ақталмайтын болса Ислам Алмаханұлы бұл істің артында кімдер тұрғанын жұртшылық алдында толық жайып саламын деп отыр. Ол кісінің айтуынша төрағалық қызметте жүрген шағында, артық ақшаны мемлекет қорына қайтарғызбай, 2 млрд. теңге пара ұсынғандар да болған. Баспасөз мәслихатын өткізудегі мақсатымыз — осы іске қоғам көңіл бөліп, демеу көрсетсе екен дейміз. Күні кеше 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні, сағат 22:00 мен 2:00 арасында Ұлттық бюро қызметкерлері себепсіз Ислам Әбішевтың бүкіл туыстарының үйіне тінту жүргізді. Осы баспасөз мәслихатының өзіне аталған тараптан кедергілер көп жасалды. Мемлекет қаржысын үнемдеген адамды оңайлықпен темір торға тоғыта алмаймыз», — дейді Абзал Құспан. 
Ислам Әбішевтің туыстарының үйіне тінту жүргізілгенінің еш себепсіз, бос әурешілік екенін інісі Ералхан Әбішев те айтып шағымданып отыр:
«Түнімен 2 жасқа толмаған балаларымыз ұйықтап жатқанына қарамастан тінту жүргізді. Айтарлықтай себептері жоқ. Түн уағында тінту жүргізгенінің өзі — бассыздық. Исламның қызметін адал атқарғанын білеміз, жазаға кесілген күннің өзінде өкінбей, бар шындықты жұрт алдында жайып саламын деп отыр»,- дейді.
Ал жазушы Дулат Исабеков елімен қоса шығармашылық қауымға көмегін тигізген, өнерді түсіне білетін Ислам Әбішевтің қамауға алынуын, түн ортасы балалардың ұйықтап жатқанына қарамастан себепсіз тінту жүргізілуін өткен ғасырдың 37-жылдарындағы бассыздықтан кем емес деп отыр. Сталиннің «адам жоқ болса, мәселе де жоқ» деген сөзін әңгімеге арқау еткен қаламгер, бір уақытта Елбасы Н.Назарбаевпен бірге Лондонға ұшқан сапары жайлы  айтып берді.
«Шығармаларымның Лондон театрларында сахналанғалы жатқанын естіген Елбасы құттықтауын айтып, қандай өтініш-тілегім бар екенін сұрады. Мен Ислам Әбішев жайлы баяндап, шүйлігіп отырған көптің ниетінен арашалауды сұрадым. Елбасы сол сәтте Ислам Әбішевті мақтай келе, Қазақстанда ол секілді білгір маман жоқ екенін айтты. Осы жағдайдан кейін-ақ мемлекет қаржысын сақтап қалған адамды қалайша себепсіз жазаға тартуға болады?!» — дейді Дулат Исабеков. 
Сонымен қатар, жазушы келешекте Әбішев жайлы көлемді шығарма жазып, жариялауды көздеп отырғанын және жазықсыз азаматты босату үшін президентпен де кездесуге даяр екенін жеткізді. 

Өз кезегінде қазақ күресін әлемге танытуда еңбегі сіңген, жаттықтырушы, қазақ күресінен республикалық, халықаралық бірлестіктердің төрағасы болған Серік Төкеевтің де себепсіз қамауда жатқанын айтқан қорғаушы Ерлан Мәкенов "қоғам жұмылмаса, бұл қос іс бір адамның ғана емес, жалпы республиканың мәселесі" деп отыр. 

«2000 жылдарға дейін қазақ күресіне көңіл бөлінген жоқ. Тіпті кейбір облыстардан құрамалар да шықпайтын. Қазақ күресі шетелдерге қазір қалай танымал болса, осы жолда Серік Адамұлының еңбегі зор. Ол кісіне де Әбішев ісі секілді себепсіз темір торға тоғытып отыр», — дейді адвокат.

Фотолар автордікі. 



      

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09