Ей, енді не істейміз?

Жата қалып жер иіскейміз!

Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ

30.07.2021, 09:00

3044

Фейсбук не дейді?!

«Жағдай былай, қысқаша айтқанда. Мен ғана емес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында көзге ұрып тұрған анық та ащы шындықтарымызды бәріміз түсініп отырмыз-ау», – дейді фейсбукте сарапшы Қазбек Бейсебаев:

      Біріншіден, билік отыз жыл бойы тек өз басының қамын ойлап келді, өз халқының қамын ойлауға мұршасы болмады.

      Екіншіден, отыз жыл бойы қазақтың ешбір мәселесі шешілмеді, мәселенің бәрі тек кейінге қалдырыла берді. Сонымен қазақта өте көп мәселе қордаланып-ақ қалды.

       Үшіншіден, бұл билік бюджетті жей беруден басқа ештеңе істей алмайды екен. Шөп тапшылығы мен олимпиада ойындары трансляциясының жыры соның анық дәлелі.

       Төртіншіден, бұлар не өздері өзгергісі келмейді екен, сосын қазақты билеу құқығы өздеріне мәңгілікке берілген деп ойлайды екен.

Осыдан жалғыз ғана қорытынды жасауға  болады. Қазақстан оңбай тығырыққа тіреліп тұр.

                    Не жаздық-ей! Қазақты неге «қадады?»

        Біреулер айтады, мәселе кадрларға байланысты деп. Биліктегі баз бір адамдарды ауыстырсақ әлі-ақ жақсы боп кетеміз деп. Бірақ бұл дұрыс ой емес. Басында «бұлар басқа» дегендеріміз уақыт өте тура алдыңғыларындаай ұры боп шыға келеді.

        Қазаққа мәселелерін шешу керек. Күрмеуіміздің көптігі сонша – бәрін бір сәтте шешуге тура келеді. Ал оны қалай ететініміздің өзі жатқан бөлек мәселе. Үлкен мәселе. Сосын мына еліміздің басқару жүйесін өзгерту керек, бақылау, есеп беру сияқты көптеген жүйелерді құру керек. Бұл мәселеде қазақ халқына қазақ жерінде әбден болған-толған беделді һәм толысқан адамдар мен байлар, бизнесмендер, ғалымдар мен өнер адамдары, өтірік емес, шын элита дейтін тұлғаларымыз көмектесуі тиіс, қазіргі екіжүзділігін қойып, өзінің иманды сөзін айтуы керек халыққа. Әбден азған, адасқан билікке «Дат!» дейтіндер солар емес пе еді?

       Мынауымыз енді болмайды, елдің бағыты өзгеруі керек. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірем деген қайдағы бір далбасаны дереу доғару керек. Болымсыз, жалған жоспарлардың көзін құрту керек. Бізге бұл билікке бұрын-соңды қатысы болмаған жаңа қазақтар керек. Заң бірақ басқаша сөйлейді. Елге шынымен шұғыл өзгеріс керек, бірақ Ата заң бойынша ештеңені өзгертуге болмайды екен. Бұл елді өзгертудің өзі заңсыз әрекет, ауыр қылмыс саналады екен қазір.

       Әй, заман-ай. Қазақ оңбай «қадалып» қалған екен осылай. Әй, енді не істейміз? Әй, күлесіз бе, жылайсыз ба – жата қалып жер иіскейміз.

Өйткені Конституция деген пәле бізді тырп еткізбейді. «Жата қалып жер иіскеуге» ғана тыйым жоқ-ау, анығы. Бірақ, ау, қазақпыз ғой, бірдеңе қылу керек. Оян, азамат! Ойлан, азамат.

Тегтер: әлеумет теңсіздік халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47