Екі азамат жетіскеннен екі елдің шекарасын бұзып келген жоқ

29.10.2019, 11:13

133

Бүгін елордадақытайдан шекара асып келген қос азамат Қастер МҰСАХАНҰЛЫ мен Мұрагер ӘЛІМҰЛЫНА қатыстыбаспасөз мәслихаты өтті. Конференцияда ұйымдастырған "Ұлт бірлігі"қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан ШАҚАРБЕКҰЛЫ бұл екі азаматқа Қазақстан босқынмәртебесін беруі тиіс деп есептейді.

«Көп кісі шекараны кесіп өту мүмкін емес, бұлар тыңшылардеп отыр. Қастер мен Мұрагер Шыңжаңдағы тәрбиелеу орталығына екі рет түскеннен1 қазан күні қашып шыққан. 5 күн бойы жаяулатып, 6 қазан күні Зайсан ауданынақарасты Шілікті маңына жеткен. Артынша тыныққан олар 10 қазан күні Алматығакеліп, саяси қысымға шыдамағанын айтқан болатын. Біріккен ұлттар ұйымыныңхалықаралық заңнамасына сәйкес, кез-келген елдің діни, саяси, ұлттық көзқарасынақарамастан қысым көрсетуге құқы жоқ. Біз заңға сәйкес оларға «Босқынмәртебесін» беруді сұрап Президент мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Баспрокуратураға хат жазғалы отырмыз», — дейді Шақарбекұлы.

Саясаткер,Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш БАТТАЛОВАҚытайдың аз ұлттарға жасап жатқан қысымын геноцид деп қабылдау керектігінайтады.

«Былтыр Сайрагүл мәселесі көтерілгенде Қытайда қысым бардегенге ешкім сенбеді. Биыл көзіміз анық жетті. Адвокаттар бірлесіп қозғалмаса,бұл заңсыздық үдей түспек», — деді Батталова.


Қытайдан қашыпкелген этникалық қос қазақтың адвокат Бауыржан АЗАНОВ қоғамның назарын осы іскеаудару керек деп есептейді.

«Қоғамдық ұйымдар жұмылғанмен бұл мәселе шешілмейді. Егерекі азамат босқын мәртебесін алып, ақталып шықса, оларды қамаған мемлекеттікорган өкілдері жауапқа тартылмақ. Ал билік бұл қадамға бармасы анық», — дейді адвокат.

Шекара асып келгенМұрагер Әлімұлының туған апасы Нұргүл Әлімқызы "Қытайда туған-туыстарымызкөп. Ініміз үшін соларды да қамауы мүмкін" деп қауіптеніп отыр.

Қытайдан шекараасып келген екі азамат Шыңжаңның Ұйғыр автономиясына қарасты Тарбағатай аймағы,Дөрбілжін ауданының тұрғындары. Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы қазіргітаңда Өскемен қаласында уақытша қамау абақтысында отыр. Оларға ҚазақстанРеспубликасы, Қылмыстық кодексінің 392-бабы, 1 бөлігі «Қазақстан шекарасынзаңсыз кесіп өту» бабы бойынша айыптар тағылып, тергеуге алынды.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00