Екі баланы құтқарған студент грантқа ауысады

07.03.2019, 23:32

317

Талдықорған қаласында екі қыздың өмірін сақтап қалған студент грантқа ауысатын болды. Ілияс ЖАНСҮГІРОВ атындағы ЖМУ-дің студенті Арман БАҚТЫБАЙҰЛЫН бүгін Алматы облысының басшысы Амандық БАТАЛОВ қабылдады.Кеше бірінші курс студенті Арман Бақтыбайұлы қала орталығындағы көп қабатты үйлердің арасынан өтіп бара жатып, көмек сұраған жас балалардың жанайқайын естиді. Ата-анасы 8 және 2 жастағы қыздарын сырттарынан қамап жұмысқа кеткен екен. Қуатталып жатқан смартфон тоқтың тұйықталуынан түтіндеп, пәтер ішін ыс баса бастаған.«Көмектесіңдер деген дауысты естідім. Екінші қабатқа көтерілсем пәтердің есігі жабық. Бірден өрт сөндіру қызметіне хабарластым. Бірақ олар жеткенше біраз уақыт өтетінін ойлап, үйдің сыртынан кірудің амалын жасадым. Қысқасы, пластикалық терезені ашып, екі қызды алып шықтым», — дейді студент. 19 жастағы Арман аз қамтылған отбасынан екен. Анасы қайтыс болыпты. Әкесі зейнеткер. Оқуына жылына 443 мың теңге төлеп келген. Енді ерлігі үшін грантқа ауыстырылады. Қарындасы болса сегізінші сыныпта оқиды екен. Оған да мектепті бітіргесін оқуға түсуіне облыс басшысы жәрдем көрсететінін жеткізді.Адам құтқарып, әкім қабылдауына келген студент өз әрекетін ерлік деп санамайды. Бұл азаматтық парызым, кез-келген адам менің орнымда болса осылай жасайтын еді дейді. Әкім Амандық БАТАЛОВ тегін грант пен қатар Арманға ноутбук сыйлады.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08