Екібастұзда «крещениеге» арнап қазақ үй тігілді

19.01.2019, 22:40

102

Екібастұз әкімдігінің ұйымдастыруымен 19 қаңтар православие христиандары – шоқыну мерекесінде суға түскендерге арнап қазақ үй тігілді. Арнайы дастархан жайып, ыстық шаймен қамтамасыз етті. Бұл туралы Жас Алаш сайтының Павлодар облысындағы тілшісі хабарлайды.Жалпы, еліміз бойынша діни ұстанымдарына сәйкес суға шомылуға ең көп ынта білдіргендер Павлодар облысында екен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Сергей ЧЕРНОВТЫҢ мәліметінше 31 мың адам христиандар мерекесіне қатыспақ. Оларға шомылу үшін арнайы 18 орын әзірленіпті.«Бұл шара кеше басталды. Екібастұз қаласы бойынша 6500 адам суға шомылды.Кәсіпкерлердің қолдауымен бір киіз үй мен екі шатыр құрылды. Ұйымдастыру жұмысын қалалық әкімшілік қолға алды.Киіз үйде адамдарға дастархан жайылды.Ол жерде тек тамақтанды. Киіз үйді қазақтың қонақжайлылығын білдіру үшін құрғыздық. Қала әкімі Нұржан ӘШІМБЕТОВ келіп құттықтады», — дейді Жас Алаш тілшісіне Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Наталья НЕФЕДОТОВА. Құтқарушылар, дәрігерлер және полицейлер тәулік бойы кезекшілік ететін болады. Көпшіліктің қауіпсіздігі үшін 233 маман мен 73 арнайы техника жұмылдырылған.Фотолар: facebook.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06