Экспортаушыларды қолдау шаралары кеңейтіледі

Сайт әкімшілігі

02.02.2021, 21:26

173

Түркістан облысының әкімдігі инвестициялар тарту және экспортты дамыту, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ бірлесе отырып, Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушылары үшін 2021 жылдың алғашқы өңірлік экспорттаушылар кеңесін өткізді.

Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері, «Turkistan Invest» РАПИРЭ, Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ҰКП және әкімдіктің тиісті басқармаларының басшылары және Түркістан облысының 62 ірі экспорттаушысы қатысты.

Жиын барысында жеңіл өнеркәсіп саласында іске қосылған «СП Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы жайлы айтылды. Жоба құны — 420 млн.теңге. Онда 70 жаңа жұмыс орны ашылды, өнеркәсіп қуаттылығы  айына 15 мың бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, «АБН Альянс» ЖШС пластикалық құрылыс бұйымдарын өндіру кәсіпорнында 100 жұмыс орны құрылған. жобасының құны 1 395 млн. теңгені құрады. Жоба құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын кәсіпорында айына 1500 тонна кәріз құбырлары, 900 тонна қалдықтарды өңдеу, су мен газға арналған 9000 тонна құбырлар өндіріледі. Сонымен қатар, 2021 жылы «Қаратау Транс Сервис» ЖШС мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Жоба құны 11 млрд. теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 50 мың тоннаны құрайтып өндіріс орнында 112 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

 «Өткен жылы экспортқа бағдарланған жаңа кәсіпорындар есебінен біз экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың жоғары үлесін сақтап қалдық – қазір ол шамамен 50%-ды құрайды», — деді Мейіржан Мырзалиев.

Әкім орынбасары экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру өңір өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне сенім білдірді. Бұл экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы отандық өнім көлемін арттыратынын баса айтты.

Тегтер: экономика инвестиция қаражат қаржы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02