Экстремистік ұйымдарға адасып қосылғандар кешіріледі

21.09.2018, 03:25

6

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елде тыйым салынған ұйымдар қызметіне қатысқандарды егер олар айыбын мойындаса қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қарастыратын жарлық шығарды. Өзбекстандық БАҚ-тың хабарлауынша, президент жарлыққа 19 қыркүйекте қол қойған.«Террорлық, экстремистік және тыйым салынған басқа да ұйымдарға адасып қосылып кеткен Өзбекстан азаматтарын қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін жеңілдету туралы» жарлыққа сай, азаматтардың өтінішін Өзбекстан бас прокуроры Отабек Муродов басқаратын республикалық ведомствоаралық комиссия қарайды.Бұл комиссияның тұжырымы негізінде Өзбекстан азаматтарын қылмыстық жауапкершіліктен босататын жаңа ереже 1 қарашадан бастап күшіне енеді.«Шетелдердегі тыйым салынған ұйымдар қатарына адасып қосылып кеткен азаматтар істеген ісіне өкініп, айыбын мойындайтыны туралы хаттарын өздері жүрген елдердегі Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Өзбекстан құқық қорғау органдарына тапсыра алады» делінген құжатқа берілген комментарийде.2017 жылдың маусымында президент Шавкат Мирзияев күш құрылымдары түзген "қара тізімді" қайта қарап, одан себепсіз айып тағылған адамдарды шығаруды тапсырған. Тізімге «сенімсіз дін ұстанушылар» мен діни сеніміне бола іздеуде жүрген адамдардың аты-жөні енгізілген.Кейбір мәліметтер бойынша, "қара тізімге" 16 мыңнан астам адам ілінген. 2017 жылы тамызда Өзбекстан билігі аталған тізімнен бірнеше мың адам — діни-экстремистік ағымдардың өкілдері мен қуғында жүрген диссиденттердің шығарылғанын хабарлаған.Дереккөз:Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16