Ел болам десең еріңнің еңсесін тікте немесе әйелдің бәрі әулие емес

07.05.2020, 07:10

78

     Бүгінде қит етсе «күйеуі ұрған», «бәлен баламен тастапкеткен» деп, еңірегенде етегі жасқа толатын келіншектерді әлеуметтік желі менэфирден көрсету көбейіп кетті. Соның салдарынан қазір «еркектер ұсақталыпбарады» деген пікір қалыптасқан. Әрине, оған негіз жоқ емес, күні кеше қос қызымен әйелін өртеп өлтірген немесе келіншегінің бетін қатыгездікпен тілгілептастаған, болмаса өгей баласын «ұялы телефон сұрағаны үшін» сүйреп өлтірген күйеулердіешкім де, ешқашан ақтай алмайды. Десек те, «қатын дейін десем, арасында апам дакетеді» дегендей, әлгіндей бірер ездің арқасында «кім жаман – еркек жаман»деген жаман ат жаппай қара күйе болып етіктілердің бәріне бірдей жағылады. Алосы әділетті ме? Яғни еркектің бәрі бұзылған, ал әйелдің бәрі әулие ме? Жоқ,әрине, себебі жамандық жынысқа бөлінбейді.

 «Анна Карениналар» бізде де бар

«Қазақстан әйелдеріқауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ресми мәліметінше, қазір Қазақстанда әрбірекінші неке ажырасумен аяқталады екен, оның 83 пайызының ортақ балалары бар. Осыныңсалдарынан елімізде 400 мың ана балаларын жалғыз тәрбиелеп отырса, 60 мыңжалғызілікті әке бар көрінеді. Өкінішке қарай, бізде көбіне «еркек – ішкіш»,еркек – жүргіш» еркек – құмарпаз», қысқасы, отбасын құрдымға кетіруші тек еркекдеп келте қайыра саламыз. Сотта да ананың құқығы бірінші кезекте қорғалып, балакөбіне анасына беріледі. Алайда кейде еркектің қол көтеруіне ұрғашының өзі декінәлі болуы мүмкін. Бәлкім, ол тамақ істей алмайтын шығар, болмаса күйеуіберген ақшаны ұқсата алмай, үйдің берекесін кетіретін шығар? Мүмкін, ол салақшығар: ыдыс-аяғы жуылмай, үйі жиналмай, кірі жуылмаған соң, ерінің ашуы келіпайтса, соған без-без етіп беттен алып, тіпті өз киімін өзі жыртып, «байым ұрды»деп, бейшараның кейпіне енген шығар? Әйтеуір, сондай бір шикілігі бар. Әйтпесееркек те туа сала залым болған жоқ қой.

«Тиран әйел көбіне таяқ жейді»,– дейді психолог, дағдарыс жағдайлар психотерапевті Әсел Жұбанышева:

Күйеуі ұрмай тұрып, әйелдің өзі тиранның рөлін атқарады. Яғниол өзінің де ықылас-ілтипатқа мұқтаж екенін «жаным, маған көңіл бөлші, екеумізбір жаққа барсақ» деп емес, «өзің секілді пәленшені қарашы, үйін қатырыпты, сенболсаң мынау, диванда жатырсың» деп құлақ етін жей бастайды. Ал бұл күйеуінің намысынатиеді. Ақыр соңында тілін тартпаған әйел зардап шегушіге, ал күйеуі тиранға айналғанынбілмей қалады. Әдетте бұдан соң өзін қол көтергені үшін кінәлі сезінген еркекқұлдық ұрып кешірім сұрайды, ал әйел осыдан ләззат алады. Өзін керек сезінеді.Бұл – коммуникация тәсілі. Бұндай әйел өзіне басқаша назар аударта алмайды.

Міне, біз осындайотбасындағы жағдайдың қыр-cырына үңілудің орнына отбасылық зорлық-зомбылықдесе, тек көз жасын көлдей қылып әйелдерді көрсетіп, соларды қорғаштаймыз дажүреміз. Анық гендерлік теңдік дейміз бе, онда баласын тастап кетіп жатқанкөкек аналар мен күйеуін адам құрлы көрмейтін әйелдер жайлы да айтайық.Толстойдың Анна Каренинасы секілді күйеуі бола тұра, көзіне шөп салып жүреберетін немесе бала-шағасына да қарамай, басқа біреудің етегінен ұстап кетіпжатқан төмен етектілер жетіп-артылады. Алматы мен Астана секілді алыпмегаполистерді айтпай-ақ қояйық, қарт Қаратаудың қойнауындағы Кентау деген кіп-кішкентайқаланың өзінде Бектібай Тынымбаевтай азаматтың алты баласын бір өзі асырап кележатқанына біраз жылдың жүзі болды.

 Басында айтуға ұялатын, кейін бәрібір ел білдіғой, келіншегі бір-ақ түнде басқа ошақтың отын жағуға кетті де қалды. Мейлі,өзін қоя берші, сүймесе сүймей-ақ қойсын, келіншегінің ана бола тұра, өз ішіненшыққан үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаның жайы не болады деп ойланбағанына таңымбар. Бектібайдың да момындығы ғой, жұмысын істеп, ақша тауып, отбасымды асырапжүрмін деп ойлап жүре берген. Көбірек табыс табу үшін кейде басқалардыңауысымында да істей берген. Байғұс болған жайға «екі күннің бірінде жұмыстатүнеп жүріп, келіншегіммен араны суытып алыппын» деп өзін кінәлап та қояды.Қысқасы, таза момын. Әйтпесе ең болмаса ашумен «өйтіп жіберем, бүйтіп жіберем»деп біраз жерге баруына болар еді, Бектібай өйткен жоқ, оның орнына бар уақытымен күшін тірнектеп ақша тауып, табаға нанын жауып, балаларына тәрбие беругеарнады. Тамақ істеуге ұста болып алғаны соншалық – «еттің жоғын білдірмей,«галина бланканы сеуіп жіберіп» макарон істеп бергенде, балаларым табақтыңтүбін жалайды» дейді. Ал әйелінің «неге балаларды, үйді тастап кетіп қалдың»деген сұраққа берген  бар сылтауы«кедейшіліктен шаршап кеттім» болыпты.

 «Менің әкем – ең жақсы адам»

Жоғарыда айтқандай,балаларын күйеуіне тастап кете салатын әйелдерден бөлек,  тағдырдың жазуы деген тағы бар. «Орта жолдаатың өлмесін, орта жаста жарың өлмесін» деп қазақ текке айтпаса керек. Осыныңшын мәнінде қандай ауыр қайғы екенін Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқараауылының тұрғыны Мақсат Сыдықов елуді еңсерер тұста өз басынан өткеріп отырғанжайы бар. Екі жыл бұрын әйелі инфарктен қайтыс болады. Өзі ІІ топтағы мүгедек. Құлағыәрең естиді. Білуінше, бала кезінде әпкесі құлағын тазалаймын деп, зақым келтірсекерек. Мейлі, оны қоя берші, бәрінен де Жаратқанның жарынан ерте айырғаныарқасын аяздай қариды. Себебі бір емес, төрт баласы жанарлары жаутаңдайқарағанда қайран әке өзін қоярға жер таба алмай кетеді. Балалардың алды ендіғана 18-ге толса, кенжесі әлі аузынан ана сүті кетпеген сәби. Бәрінен бұрынүшке толмаған сол бүлдіршінге обал. Әсіресе түн баласы анасын іздепшырқырағанда Мақсат әке «мамасы емес, мен өлсем-ші» деп жүрегі қан жылайды. Жә,Жаратқанның ісіне амал бар ма… Десе де, кейінгі кездері «әйелін өлімші етіпсабапты» немесе тіпті «өз қолымен өлтіріп тастапты»  деген еркектер жайлы естігенде, «қолда бардыңқадірін білмейсіңдер ғой» деп ауыр күрсінеді. Және де қанша жерден қиналсада,  «төрт баламды асырап отырмын»деп  ешкімге барып алақан жайып немесе«үкімет маған неге ақша төлемейді» деп міндетсіп көрмепті.  

Қырықтың қырқасынашыға бере, әйелінен айырылған Әубәкір Шөкеннің де жағдайы осы секілді. Сүттейұйыған отбасына қайғы қара жолдың қақ ортасында келді. Қалтарыстан шыға келгенқу қара көлік қапыда атпалдай азаматты жары мен баласынан айырғаны аздай, өзінде жарымжан қылып кетті. Сүйегі жеті жерінен сынған жігіт ағасына ең ауыртигені де осы – еңбекке жарамсыз болып қалғаны. Бүгінде бес баласына бір өзі бас-көзболып отыр. Үкіметтен 49 мың жәрдемақы алады. Оның тең жартысын мемлекеткеайыппұл төлейді. Өйткені сол апатта болған шығынды мұның мойнына ілген.  Баласының алды мектепті енді бітірсе, кішісідаярлық сыныбында оқиды. Жұмысқа да алмайды, шығарып жібере береді. Өйткеніденсаулығы жарамайды.

 «Жалғызбасты әке»,

«көпбалалыәке» деген мәртебе беру керек

Бізде әкелергеқатысты мұндай категория мүлдем қарастырылмаған екен. Неге? Әйел баланы «күлгеаунап» туа салмайды ғой, оған әкенің де қатысы бар емес пе? Біле білсек, бала –ең алдымен әкенің ұрпағы. Ал сөйте тұра, балаға қатысты статус болсын,жәрдемақы, жеңілдік болсын тек әйелге қарастырылып, еркектің одан мүлдем тысқалуы ақылға қонымсыз. Осының өзі қазіргі отбасылық тәрбие жүйесінде ер-азаматтардыңрөлін дұрыс бағалау ісінің кемшін екенін көрсетеді. Дәстүрлі қазақ тәрбиесінде«сен жігітсің, шаңырақ иесісің» деп, ал қыздарға «сен болашақ анасың, ошағыңныңиесісің» деген функцияларды санасына сіңіреді. Сондай тәрбие көрген отбасылардаішкі қайшылық көп туындамайды. Жалпы, қазақта ажырасу деген атымен болмаған.Ұрпаққа деген жауапкершіліктің жоғары болғаны соншалық – жаңа құрылған отбасыортада бала тұрғанда ажырасу туралы мың рет ойланатын. Оған әлеумет қарсышығатын. «Ажырасып, баланы тірі жетіметуге болмайды» деген ережелер кішкентай кезден санада қалыптасатын. Қазіросындай ережелер ескерілмейтіндіктен, оларға атүсті қараудан түрлі мәселелертуындап отыр. Яғни бала дүниеге келген соң, ол әке тәрбиесін де, шеше тәрбиесінде көріп өсуі керегі тасада қалды», – дейді белгілі ғалым ӘбдірашитБәкірұлы.  

Жалпы, «әйел, әйел»деп, біз көбіне отбасындағы ананың рөліне мән беріп, әкелерді елеусіз қалдырыпжатқандаймыз. Бұрын қазақ баласы «әкең келе жатыр» дегенмен тәрбиеленді. Албалаға дастархан басына әке келмей, тамақ жемеуді, «әкеңе айтам» деп, баланытәртіпті болуға аналар үйрететін. Ал қазір, керісінше, отбасында әйелдер біріншіорынға шығып, еркек тұрып әйел сөйлегеннің кесірінен ер адамның рөлі әлсіреп,тіпті ол бір керексіз адам секілді боп қалғандай да жайы бар. Сондықтанерлердің де мүддесін қорғау маңызды. Ел боламыз десек, ерлеріміздің еңсесі тікболуы тиіс. Ер тек бір ғана жағдайда еңкеюі тиіс, ол – туған жердің туын сүйіп,топырағына тәу еткенде ғана. Бүгінгідей жігіттердің бір қызға сақина салып,«тұрмысқа шықшы» деп тізерлеуі бізге жат қылық.  

Екіншіден, жоғарыдаатап көрсеткеніміздей, заман ағымына сай жалғызбасты ана ғана емес, баланыжалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлер мәселесі де алға шықты. Және бір емес, кеміүш-төрт, тіпті кейде алты баланы да.  Солсебепті де біз жалғызілікті әкелер мәселесін жалғызілікті аналармен қатар қойыпқарауымыз керек. Өйткені баланы қорғау – Отанды қорғау, баланы сақтау – ұрпақтысақтау, балаға қызмет ету – елге қызмет етумен тең. Ол ешқандай да еркектікемсітпейді, керісінше, дәрежесін көтермесе… Себебі балалардың жүрегінде сақталғанана махаббаты мен мейірімін күзету – азаматтың азаматының ғана қолынан келетініс.  Көпбалалы әке деген мәртебе беружағын ойластырсақ, артықтық етпес еді. Себебі соған лайық әкелер бар. 

Мәриям ӘБСАТТАР

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36