Елімізде экономиканы қайта қалыпқа келтіріп, тиісті шараларды қабылдауға әзір менеджерлер жеткілікті ме?

07.05.2020, 11:59

6

Ел

Абылай Сансызбай, академик:

Жақында елімізгетүйінді проблеманы шешетін батыл менеджерлер  керектігі ашық сөз болды. Өйткені қазір қалыптасқанжағдай күні ертең экономикаға қаншалықты ықпал ететіндігі және кедергіден  шығу жолдары мықты мамандардың ұйымдастыруқабілеті мен іскерлігіне  байланыстыболмақ.

Қазақстансекілді байлығы мол елге пандемияның  көпқиындық әкелетіндігі күмән тудырады. Біз ел болып  ауыртпалықты еңсереміз.  Өйткені бізде отыз жылдық тәжірибе, біліктімамандар бар. Ең бастысы дағдарысқа қарсы қажетті іс-шаралар қабылданған.Ендігі жерде басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру керек. Айталық Президентжанына топтасқан «Болашақ» бағдарламасының 300 түлегін, одан да басқа жігерлі де іскер мамандарды қордаланған мәселелердішешуге тарту қажет.

Экономиканықайта қалыпқа келтіру үшін тиісті шараларды қабылдауға әзір батыл менеджерлерел ішінде жеткілікті. Тіпті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ең іскеразаматтардың жетістігін жыл сайын таразылап, мықты менеджерлер тізімін жариялапотырса, дұрыс болар еді.

Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты:

Рас, қазірәлемдік дерт салдарынан экономикаға да салмақ түскелі тұр. Елімізде де көптегенкәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Шағын және орта бизнес тұралап қалды. Әринетәжтажалдан да құтылармыз. Бірақ одан әрі қарай қалай жұмыс істейміз?

Осы тұрғыдамен Қазақстанда мықты менеджерлер жеткілікті екендігін айта аламын. Айталық ТМДаумағында біздің менеджерлер алдыңғы қатарда тұр. Ресей, Белорусиядан кейінгіорындамыз. Шетелдерде  және өзімізде демықты мамандар әзірленді. Міне, солардың ақыл-ойын тиімді пайдалану – бастымәселе. Дәл қазір экономикамыз соншалықты төмендеп кетті дей алмаймыз. Тексәл-пәл төмендеу бар. Біз білімді де білікті мамандар арқылы осы қиындықтаноңай шыға аламыз. Ең бастысы, жас мамандарды қызметке белсенді тарту керек.Олардың іскерлігін сынайтын кез келді. Егер менеджерлерімізді тиімді  пайдалана  білсек, одан еш ұтылмаймыз.


Мақсат Халық, экономист-сарапшы:

Биліктебілікті, сауатты топ-менеджерлер жоқтың қасы деуге болады. Мүлде жоқ деугеболмас, дегенмен ұйымдастырушылық жағынан мықты,  өз саласының маманы дейтіндей менеджерлер аз.Қарапайым мысал ретінде айтайын, Президент тарапынан жақсы бастамалар жасалады.Әлеуметтік мәселе, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты мәселе жиікөтеріледі. Құжат министрліктерге, әкім-қараларға жеткен кезде оның мүлдебасқаша сипат алып жататынын көреміз. Айталық әлеуметтік төлемдерге қатыстышығып жатқан дау. Былтыр көп балалы әйелдерге 21 мың теңгеден төлеу үлкен  дауғаайналды. Осы мәселеде «менеджменттің этикасын сақтайтын шенеуніктің бойындақандай қасиет болуы керек?» деген сауал тіпті өзекті болып кетті. Олартүйткілдерді тез арада шешу орнына халықпен айтысып-тартысты. Мұндай жағдайбиыл да көрініс берді. Осының өзі менеджерлеріміздің деңгейін анықтап береалады.

ҚазірПрезидент резерві деген қалыптасып жатыр. Бірақ та үміткерлердің  бәрі тесттен өз күшімен өтті  деуге күмәнмен қараймын және дені орыс тілдіекендігі ойландырады. Шетелден оқып келген жастардың бәрінде тәжірибе жоқ. Оларбилік баспалдағымен өз бетінше өрлей алмайды.


Сауалнаманыжүргізген Жолдасбек ДУАНАБАЙ

«Жас Алаш» 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34