Елімізде жемқорларды бас бостандығынан айыруды талап ететін петиция пайда болды

Сайт әкімшілігі

21.11.2022, 16:30

497

Петиция авторлары сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тек айыппұлдармен жазаланбауы керек деп есептейді. 

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарға айыппұлдардың күшін жоюды ұсынатын петиция пайда болды. Петиция авторлары айыппұл төлеу оларды бостандыққа жіберуге мүмкіндік береді деп отыр. Оның орнына жемқорларды бас бостандығынан айырып, оған қоса айыппұл төлеуді талап ету керек делінген, деп жазады inbusiness.kz.

Петиция авторларының сөзінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаза «тым жеңіл».

"ҚР Қылмыстық Кодексіндегі 366-бапта (Пара алу) айыппұл түріндегі басым жаза көзделген. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкілеттіктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы – бірінші кезекте айыппұлмен, содан кейін тек бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады.

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін айыппұлдарды және аталған қылмыс үшін бостандыққа жіберуді алып тастауды талап етеміз. Бұл үшін бас бостандығынан айыру жазасы ғана болу керек. Сотталған мемлекеттік қызметші түрмеде отырып қана қоймай, айыппұл төлеуі үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға айыппұлдарды қосуды сұраймыз", — деп жазды петиция авторы Ажар Берікқызы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43