Еліміздегі 340 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылды

Сайт әкімшілігі

05.04.2022, 22:01

518

Елімізде күннің қатты ысуы қардың тез еруіне ықпал етіп, еліміздің төтенше жағдайлар жөніндегі мамандарын әбігерге салуда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сенсек, су тасқыны басталғалы бері елімізде 100-ге жуық үй мен саяжайды еріген қар суы басып қалған. Дегенмен қазіргі уақытта Төтеншелік мамандардың жұмылдырылуымен су тасқынының алдын алу, тасқынының зардабын азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан су тасқыны басқа аймақтарға таралмауда.

Соның дәлеліеліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары«Су тасқыны кезеңі басталғалы 85 тұрғын үй мен 15 саяжайды, алты елді мекендегі екі әлеуметтік нысанды еріген қар суы басып қалды. Бұл ретте Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. Алдын ала 196 адам эвакуацияланды, оның ішінде соңғы 24 сағатта 74 адам, оның 139-ы уақытша эвакуациялау пункттеріне, 57-сі туыстарына орналастырылды, – дейді.

Жалпы Республика көлемінде кеше бес тұрғын үй мен 15 саяжайда су басу жағдайы тіркеліп, республикалық және бір облыстық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде су тасқыны болған. БҚО Шалғын ауылында комиссиялық тексеру барысында төрт тұрғын үйді  су басып, 15 бас уақ малдың өлгені анықталған. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласындағы Мырза стансасындағы бір тұрғын үйді еріген қар суы басқан. Жеті адам эвакуацияланса, оның бесеуі бала. Осы мәліметтерге орай Төтенше жағдайлар министрлігі «Су басқан 42 тұрғын үй мен 15 саяжай, екі әлеуметтік нысан бақылауда, 22 жол учаскесінде қауіп бар, оның ішінде төртеуі республикалық, екеуі облыстық маңызы бар жолдар, 16-сы жергілікті, оның ішінде 14 жол учаскесінде су тасқыны бар»  деп хабарлап отыр. Жағдайдың Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында екені көңілге қуаныш ұялатады.

Атап өтер жайт, өңірлерде су тасқыны салдарынан болған төтенше жағдайлардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 2 270,4 мың м3 еріген суды сору, инертті материалдармен 21 891 қап төсеу,  250 м2 аумақта мұзды кесу жұмыстары жүргізілген. Жұмысқа Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың 1067 адамы жұмылдырылып отыр. Қазір олардың барлығы төтенше жағдайдың алдын алуға дайын отыр. Дегенмен ауа райы босаңсуға әлі ерте екенін аңғартатындай.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан аумақтарында  қар түріндегі аздаған жауын-шашын күтіледі, кейбір өңірлерде ауа температурасы күндіз әлі де көтерілетінін байқатады. Демек жауын шашын қорына қоса, кейбір еріген сулардан қауіп бары байқалады. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі жедел жүргізілген жұмыстар арқасында еліміздегі 340 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылды дейді. Демек осынша ауылдың мал мүлкі де сақтандырылған. «Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды. 385 елді мекенде қауіп азайтылды. Бүгінде су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-інде ықтимал қауіп сақталған» дейді. Қазір қауіп сақталған өңірлерде  алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескерсек, қауіп артта қалған секілді. Алайда төтеншелік мамандар ауа райына сеніп болмайтынын айтады.

Жалпы бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері біріге отырып, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 метер куб еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында инертті материалдары бар 7 961 қап төселген. Батыс Қазақстан облысында 250 метр куб алқапта өзендердегі мұзды кесу жұмыстары жүргізілген.

Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарына Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылған. ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр. Сондай ақ Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасып жатыр. Бұл төтенше жағдайдың алдын алу үшін  ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО-дан 2 229 адам, 489 техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылып отыр. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.

Су тілсіз жау. Тілсіз жаудың тілін тауып, төтенше жағдайдың алдын алуға  тырысып жатқан еліміздің төтеншелік мамандары алдағы күндері қауіп толығымен жойылатынына сендіріп отыр.  

Ерзия Ерсұңқар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01