Елорда дәрігерінің жазбасы елді елең еткізді

Сайт әкімшілігі

16.11.2020, 16:10

1420

Елордалық дәрігер Ғабит Нұрханұлы коронавируспен қалай күресіп жатқандары туралы желіде  жазба жариялады.

Оның айтуынша, «сары зонаға» кірген Нұр-Сұлтандағы жұқпалы ауруханалардың жан сақтау бөліміндегі жүктеме қайта артқан. 10-12 науқасқа — жалғыз дәрігер

«Коронавирус басталғалы осы істің ыстық-суығына көніп, арасында жүрміз. Қазір коронавируспен ешкімді қорқыта алмайсың. Әлемде ауырғандар саны күнделікті 600 мыңнан асып, қайтыс болатындар саны 9000-нан ары кетті, бұл көктемгі көрсеткіштен 2 есе жоғары деген жаңалыққа ешкім селт етпейді. Астана „сары аймаққа“ еңгелі ауырғандар саны көбейіп, ауруханадағы төсек-орындардың 50% астамы толды. Реанимацияда дәрігерлер саны аз, жүктеме қайта артты. 10-12 науқасқа — жалғыз дәрігер. Медбикелер 8 сағаттық жеке қорғаныс киімдері ішінде 10-14 сағаттан жүр. Сол себепті әлеуметтік желіден қол үзіп қалдық. Сенімен аттас дәрігер қайтыс болды деп естіп, амандығымды білген заңгер Ләззат әпкеме рахмет. Бізді жұмыстан қуып құтылмаса, вирус ала қоймас. Анау жоқ, мынау жоқ деп айта бергеннен маған да тыныштық жоқ. Бірақ мен өзіме емес, халық үшін, дәрігерлер үшін сұрап жүрмін. Дәрігердің қайтыс болғаны рас, солтүстік аймаққа тойға ма, құдалыққа ма барып, бірге барғандар ауырып келген. Қасындағылар шығып, бұл кісі қалып кетті. Оған кінәлі — ел арасында вирус барын біле тұра той жасағандар, екінші жауапкершілікті сезінбей сол тойға барған адамдардың өзі. Әр адам өмірі санаулы әрі қымбат. Теледидардан сақтаныңдар деп қатты да, жай да, жылап та айтып жүрміз. „Соғыс“ біткенмен „атыс“ әлі жалғасуда… », делінген жазбада.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51