Елорда күні: Екі облыстың жәрмеңкесі өтіп жатыр

06.07.2019, 17:38

149

Елордадағы «Хан Шатыр» ОССО жанындағы алаңда Ақмола мен Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр.

«Ақмола облысы елорда күніне орай үлкен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Бүгін 10 аудан өз өнімдерін елордалықтар сатып алуы үшін ұсынса, ертең 9 аудан мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері келеді. Жалпы 100 тонна жылқы, сиыр, қой, құс етін әкелдік. Таңертеңгі 8-ден астам жәрмеңкені бастадық, халық келіп қалаған өнімдерін сатып алып жатыр», — деп Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали пікір білдірген.

 Оның атап өтуінше, Ақмола облысы мен елорданың әкімдіктері арасында арнайы келісім бар. Сол келісімге сәйкес Ақмола облысы күзде де астанада ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.

«Жалпы жәрмеңкеге әкелген өнімдеріміздің жалпы салмағы 500 тоннаға жуықтайды. Оның ішінде сүт, макорон, кондитерлік өнімдер, сары май, өсімдік майы, ұн мен ұн өнімдері бар. Елорда тұрғындарын осы жәрмеңкеге келіп, аран бағаға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз», — деді Марат Иғали.

Расымен, жәрмеңкеде сатып жатқан өнімдер елорда базарларындағы бағадан әлде қайда арзан болып шыққан. Мәселен, жылқы етін 1 700, сиыр етін 1 500, қой етін 1 400, құс етін 850 теңгеге сатып алуға болады. Жұмыртқаның 10 данасы 160 теңге болса, сүттің литрі 205 теңге. Ал қаймақтың келісін 950, сары майды 2 200 теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар.


Фото: bnews.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08