Елордада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздары анықталды

25.12.2019, 16:08

215

Ел астанасында «100 жаңа есім» жобасы үшінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Strategy2050.kzтілшісі.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша, биыл 32 жеңімпазанықталып отыр. Оның ішінде25 қатысушы онлайн дауыс беруден ең жоғары дауыс жинаған, ал әділ-қазы алқасытарапынан 7 қатысушы ұсынылған.

Жобажеңімпаздарының бірі 28 жастағы Шәкәрім Сейсенбай бүгінгі күні мектеп-лицейдебасшылық қызметте. Өзінің айтуынша, басты мақсаты — отандық білім саласынбредке айналдыру.

«Мен 54 мектеп-лицейініңдиректорымын. Өзім де мұғалімнің ұлымын. Кезінде мектепте жоғары сыныпоқушылары төменгі сынып оқушыларына сабақ беретінбіз. Білім саласында он жылданбері қызмет етіп келемін. Осыған республикалық физика-математика мектебінде,Назарбаев зияткерлік мектептерінде жұмыс істдім. Тәрбиеші, мұғалім, тәрбие ісіжөніндегі орынбасары болдым. Мақсатым — отандық білім саласын брендкеайналдырып, жақсы бір деңгейге көтерілу. Қазір бізге мықты ұстаздар қажет.Белгілі ақан Мағжан Жұмабаев „Алты алаштың басы қосылса,  төрдегіорын ұстаздыкі“ деп бекер айтпаған. Сол себепті ұстаздық қызметтіңмәртебесін арттыру басты мақсаттарымның бірі», — деді жас ұстаз.

Сондай-ақ олөз сөзінде қоғамдағы өзекті мәселенің бірін атап өтті. Оның айтуынша, білім саласындағыер адамдардың санын арттыру керек.

«Директор болу қиын. Алайда адамбаласы өзіне ұнайтын істі таңдаса, қай жерде жұмыс істесе де жеңіл болады депойлаймын. Білім саласы маған ұнайды, мен оны жұмыс ретінде көрмеймін, ол меніңөмірімнің бір бөлшегі.  Қазіргі таңда білім саласында ер адамдардың саныаздау. Өзімнің де ішкі бір арман-мақсатым — мектеп қабырғасындағы ер адамдардыңсанын көбейтсек. Ол үшін біз қоғамда мұны көп дәріптеуіміз керек. Маңыздылығынтүсіндіруіміз қажет. Адами капиталдың дамуы керектігін, соған инвестиция құюқажеттігін жете түсіндіру жұмыстарын жүргізу керекпіз. Сол себепті мен ойлаймынбілім саласы барынша дәріптелуі тіс. Білім саласы ең жоғары дәрежеде болуыкерек», — деді Шәкәрім Сейсенбай.

Жалпы, салаларбойынша тоқталатын болсақ, аталған жоба жеңімпаздарының қатарында қоғамдықсаладан  -  11, ғылым және білім саласынан  -  4,медицинадан  -  2, кәсіпкерлік саладан  -  5,спорттан  — 5 және мәдениет саласынан 5 маман үздік атанды.

«100 жаңаесім»  жобасы үшінші кезеңінің 1-кезеңінде өтінімдерді қабылдайды.Жобаға қатысу үшін барлық азаматтар өтініш бере алады. Биыл аталған жобағақатысуға 1673 азамат өтініш берген.

Ал екіншікезеңде онлайн дауыс беріледі. Қарашаның 5 пен 25 аралығында100janaesim.ruh.kz  жобаның ресми сайтында жалпыхалықтың онлайн дауыс берукезеңі өтті. Жалпы, барлық жоба қатысушылары үшін 700 мыңнан аса дауысберілді. 

Сондай-ақ соңғыкезеңде әділ-қазылар алқасының отырысы болды. Қазылар алқасының құрамына әрсалада белгілі бір жетістіктерге жеткен белгілі азаматтар енді.

Фото: Strategy2050.kz 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31