Елордада "Алтын тұғыр - 2019" ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

06.12.2019, 10:51

116

Елордада «Алтын тұғыр — 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға пратия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Ол өз сөзінде жастарды бұқаралық спортқа баулуда ұлттық спорттың маңызы зор екендігін айтты. 

«Тәуелсіздік алғалы бері Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ең басты құндылығымыз – тілімізге, мәдениетімізге, руханиятымызға басымдық берді. Соның арқасында тіл мәртебесі көтеріліп келеді. Ендігі уақытта жастарды бұқаралық спортқа баулуымыз қажет. Оның ең маңыздысы – ұлттық спорт. Өйткені ол – халықтың рухын көтеретін маңызды шара. Көпшілік қолдаған халық партиясы ретінде «Nur Otan» осы бастаманы қолдап келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Осыған орай партияның саяси доктринасында көзделген құндылықтар – қазақ тілі, руханиятымыз бен діліміз басым бағыттарымыздың бірі болып қала береді», — деді Бауыржан Байбек.

«Алтын тұғыр — 2019» сыйлығымен «Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Жамбы ату, теңге ілу», "Қазақ күресі", «Тоғызқұмалақ» және «Асық ату» спорт түрлерінен ел намысын қорғап жүрген спортшылар марапатталды.

Фото: «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02