Елордада елдің қорғаныс қабілетін нығайту мәселелері талқыланды

Еркежан АРЫН

22.03.2021, 10:41

105

18 наурызда қорғаныс департаментінде генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңсесінің, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың құрылысы мен дамуы мәселелері қаралды. Әскери мүдделер үшін ғарыштық спутниктерді пайдалану, Қарулы Күштер мен басқа да мемлекеттік органдардың БҰҰ бітімгершілік операцияларына (миссияларына) қатысуын кеңейту, отандық және шетелдік өндірістің заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру, қазақстандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту туралы, белгілі бір бағыттар туралы есептер тыңдалып өтті.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын құру мен дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру механизмінің мәселелері талқыланды.

Ведомствоаралық комиссия — бұл мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен негізгі бағыттарын қарастыратын консультативтік-кеңесші орган.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24