Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті

09.12.2019, 11:08

38

«Nur Otan» партиясы менНұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің«Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап,ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұлкеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атапайтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі»,«Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалыңкөрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазақы жыр мен дәстүрлімузыканың ғажайып кешін ашқан «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекжиналған жұртшылықты алдымен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бұл шараның осымерекеге орайластырылуында да мән бар. Өйткені бағзыдан жеткен бұл жырлардаата-бабамыздың арманы мен аңсары, азаттық, елдік идеялары, келер ұрпаққааманаты жатыр. Дәстүрлі өнеріміз сан ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне қызмететкен. Сондықтан да Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы, «Nur Otan»партиясының төрағасыНұрсұлтан Назарбаев ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдениқазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды.Халықтың партиясы ретінде «Nur Otan» да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтініс-шараларды қолдап, оның насихатталуы мен дамуына барынша үлес қосып келеді.Кеше ғана ұлттық спорт саласының үздіктері марапатталған «Алтын тұғыр» сыйлығынтабыс еттік. Ұлтымыздың тілі мен ділі, мәдениеті мен спорты, ән-күйлері менжауһар жырларынсыз халқымыздың рухы мықты болмақ емес. Біз болашақта үлкенжетістіктерге жетеміз десек, ұлттық құндылықтарымыз арқылы халқымыздың рухынкөтеруіміз керек. Бұл бағытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмаларберді. Еліміздің басты саяси ұйымы – «Nur Otan» партиясының доктринасындақамтылған басты құндылықтарымыздың бірі де – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақтілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз» екендігінақты көрсетілген», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» партиясының елорда филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтанқаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің құттықтау сөзінде терме мен жыр кешінекеліп, ұлттық өнерді қолдаған қауымға алғыс білдірді.

«Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында бүгінде Нұр-Сұлтанқаласы қарқынды дамып, бейбітшілік пен бірлікті насихаттайтын және соны іспендәлелдейтін әлем таныған астанаға айналды. Қазір бас қаламызда 1 млн 200 мыңғажуық халық бар. Сонымен бірге халқымыздың саны да өсіп келеді. Мысалы, 1998жылы Целиноградта таза қазақ тілінде оқытатын бір ғана мектеп болды. Қазір 36таза қазақ тілді мектеп бар, жалпы 88 білім ордасының қалғаны аралас мектеп.Бұл – тіліміз бен діліміз қайта оралды деген сөз. Елбасы саясаты мен көпұлттымемлекетіміздің бірлігінің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласына, ұлттыққұндылықтарымызды қолдауға жағдай жасап, біздің алдымызға нақты міндеттер қойыпотыр», – деді Алтай Көлгінов.

«Жыр-аманат»жыршы-термешілер кеші тұңғыш рет ерекше форматта өтті. Жыр кеші концерт пенспектакль жанрын үйлестірді. Ал келер жылы «Жыр-аманат» концерт-спектакліпартияның қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Есілдің жағасындажарқырайды бір қала» тақырыбында ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, күзде«Nur Otan» партиясының қолдауымен, еліміздің бірқатар өңірінде айтысфестивалдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Оралқаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалінде мәресіне жетеді. «NurOtan» партиясының жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерініңбастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссияқұрылған болатын.

Фото: «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42