Елордада оқушылар мен студенттер арасында өткен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

Сайт әкімшілігі

22.12.2021, 14:09

982

Нұр-Сұлтанда көрнекті қазақ ғалымы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған эссе байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ақтық финалға өткен үміткерлер Оқушылар сарайына жиналып, марапатталды. Жүлделі 1-орынға 300 мың, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 50 мың теңге табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының бастамасымен ұйымдастырылған байқауға 200-ден астам өтініш келіп түскен.

«Байқауға 228 өтініш келіп түсті. Тексеріс барысында жұмыстарды антиплагиат бойынша тексеріп, байқау шарттарын орындаған қатысушыларды ғана ақтық сынға жібердік. 107 мектеп оқушысы мен 49 студент финалға өтті. Қатысушылар үшін тәулік бойы сайт жұмыс істеп тұрды. Байқауды өткізудегі мақсатымыз – жастарымызға патриоттық сезім ұялатып, қазақтан шыққан ғұлама ғалымдардың еңбектерін дәріптеу», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Ж.Сүлейменов.

Оқушылар арасында жүлделі 1-орынға А.Жанай, 2-орынға Ж.Қуаныш, 3-орынға А.Шинтаева ие болды. Ал студенттерден 1-орынға Қ.Паразатова, 2-орынға Д.Қалменбай, 3-орынға И.Сұлтанғалиева жайғасты.

«Бұл байқауды өткізуде алдымызға қойған міндет – өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беруге ықпал ету, ғалым Ыбырай Алтынсариннің мұрасымен танысып, отаншылдық сезім қалыптастыру. Жазған эсселерді қарай отыра, қойылған міндет 100 пайызға орындалғанына көзім жетті. Әр қатысушының өзіндік ойы, философиялық түйіндері, тілге, халқына деген жанаршырлық, патриоттық сезімі жазған жазбаларынан сезіліп тұр», — деді қазылар алқасының төрағасы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы.

Байқау дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49