Елордада «QazaqGeography» бірлестігінің V Съезі өтті

30.11.2019, 22:11

8

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің V Съезі өтті. Бұл жөнінде бірлестік баспасөз қызметі хабарлады.

«Qazaq Geography» Қазақстанның тарихы мен мәдениетінзерделеу, экотуризмді дамыту және Қазақстан халқының рухани құндылықтарыныңтұтастығы мен жаңаруын сақтауға бағытталған басқа да маңызды жобаларды іскеасыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде», — деді Съездің ашылу рәсіміндеQazaqGeography Төрағасы А.Мамин.

Ол QazaqGeography бірлестігінің танымалдылығы меноның өңірлік өкілдіктерінің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.

«Ортақ іске көптеген адамдар, нағыз кәсіп иелеріжұмылды. Әсіресе, жастарды бұл салаға тарту аса маңызды. Біздің жеріміздіңгеографиясы мен тарихын білу әрбір қазақстандықтың басты қызығушылығына айналуытиіс», — деді А. Мамин.

Шара қатысушылары QazaqGeography Жарғысының жаңаредакциясын бекітті, онда бірлестіктің қызмет түрлерін, сондай-ақ оныңҚазақстанның барлық өңірлеріндегі өкілеттіліктерін арттыру қарастырылады. Соныменбірге, QazaqGeography Съезін ұйымдастыру және өткізу тәртібі, бірлестікмүшелері мен мүшелігіне кіру тәртібі, QazaqGeography Төрағасы туралы ережелерқабылданды.

QazaqGeography Қамқорлық кеңесінің төрағасы болыпКәрім Мәсімов, Басқару кеңесінің төрағасы болып Орман Нұрбаев, Медиа кеңестөрағасы болып Дәурен Абаев сайланды.

Съезде QazaqGeography бірлестігінің өңірлікөкілдіктерін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Шымкентқаласында ашу туралы шешім қабылданды, бұл еліміздің барлық өңірлерінбірлестікпен қамтуды қамтамасыз етеді.

2019 жылдың есебі мен 2020 жылға арналған жоспарлартуралы QazaqGeography бірлестігінің басқарма төрағасы Жаңа Рүстем айтып берді.

QazaqGeography бірлестігін дамытуға белсенеқатысқаны және оған қосқан үлесі үшін бірлестіктің бірқатар мүшелері менсеріктестері мақтау қағаздарымен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.

Съезд жұмысына QazaqGeography Қамқорлық кеңесініңмүшелері, Бірлестіктің өңірлік өкілдіктерінің басшылары, Үкімет мүшелері,«Kazakh Tourism» ҰК АҚ басшылығы, БҰҰ ДБ, Қазақстандық биоалуандықты сақтауқауымдастығының өкілдері, бизнесмендер т.б. қатысты.

Съезд аясында «Ас — арқау» фотокөрмесі ұсынылып,этнограф Айгерім Мұсағажинованың «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» атты кітабытаныстырылды.

«QazaqGeography» РҚБ 2013 жылы 16 қазанда құрылған,900-ден аса мүшелері мен 50-ден аса серіктес ұйымдарын біріктіреді. Өткенжылдары QazaqGeography 17 экспедиция, 15-тен астам конференция, форумдар менфестивальдер ұйымдастырды, 16 кітап, фотоальбом, жол нұсқаулықтары мен карталаршығарылды, 70-тен аса білім беру, табиғатты қорғау және экотуристік жобаларіске асырылды.

2019 жылы Бірлестік Nazarbayev University-мен бірге жыл сайынғы «Арал-2019» ғылымиэкспедициясын, ал «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірге «Киелі Қазақстан» салтаттылар экспедициясын, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан бойынша«Жібек жолы — диалог жолы» халықаралық экспедициясын ұйымдастырды. Биыл қарашаайында QazaqGeographу Азия географиялық қауымдастығы (AGА) мен Халықаралық географияконференциясының (CCG-2019) съезіне Қазақстанның өкілі ретінде қатысты.  

Жыл бойы күн сайын география пәнінің мұғалімдері меноқушылар үшін танымдық экскурсиялар, ғалымдардың, география, экология жәнешектес пәндер бойынша саяхатшылар мен фотографтардың шеберлік кластары мендәрістері, ойын түріндегі квест-экспедициялар, географиядан олимпиадағадайындық жүргізілді.

Қазақстанның Ресейдегі апталығы аясында «Павлодароблысының жәндіктерінің макрофотографиялары», «Менің Қазақстаным» және «Еңғажайып ел», «География – мәдени перспектива желісі», «Қызғылт қаршақаздың ұшужолы» көрмелері ұйымдастырылды, бұл шараларды 4 мыңнан астам адам тамашалады.

Фото: 24.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58