Елордада ТЖД автопаркі жаңа техникаларымен толықты (видео)

Сайт әкімшілігі

15.12.2021, 18:18

751

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық ТЖД автопаркі жаңа заманауи өрт сөндіру техникаларымен толықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен ерлігіне өртке қарсы техникалық жабдықталу деңгейі де сай болуы тиіс. ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында елордалық ТЖД автопаркі жаңа заманауи өрт сөндіру техникасымен толықтырылды. 50 арнайы машина сатып алдық, олардың басым бөлігі қолданысқа берілді. Өрт сөндіру автомашиналары жұмысқа қажет барлық заттармен жабдықталған, заманауи техникалық талаптарға сәйкес келеді.

Жедел әрекет ететін автомобильдердің арасында 90 метр биікте өрт сөндіруге мүмкіндік беретін арнайы көтергіш техника бар. Арнайы техниканың бұл түрі елімізде алғаш рет қолданысқа берілмек. Былтыр 10 арнайы машина қолданысқа берілсе, биыл тағы 50-і алынды. Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосын аштық. Тағы 3 өрт сөндіру депосын саламыз, олардың екеуі елді мекендерде ашылады. Бұл материалдық-техникалық базаны жақсартуға және құтқарушыларға жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандық тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санаты кеңейтілді, оған ТЖД қызметкерлері де кірді. Сонымен қатар, «Елорда Жастары» арнайы тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй бөлеміз.

Жыл басынан бері біздің құтқарушылар 400-ге жуық адамды құтқарды! Үздік қызметкерлерге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдары берілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне қажырлы еңбегі мен жұмысына адалдығы үшін алғыс айтамын!» — деп жазды елорда әкімі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48