Елордада «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

13.12.2019, 15:02

16

Елордада «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттаурәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жомарт жүрек» сыйлығы«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі ұйымдастырған бірегей жоба. Сыйлықтың негізгі мақсаты –қайырымдылық қызмет идеяларын, меценаттықты және филантропияны насихаттау.Сыйлықты тапсыру рәсіміне туған жерін, өскен өлкесін дамытуға қатысқаны үшінбизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ, еріктілер мен қайырымдылық көмек көрсетушілерарасынан 50 өкіл марапатталды», делінген хабарламада.

Сыйлық «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздікұйым» аталымдары бойынша табыс етілді.

Туған өлкесінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған,көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмеккөрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Gaz stroy montazh KZ» ЖШСқұрылтайшысы (Атырау облысы) Ерлан Табылдиев марапатталды. Ерлан Табылдиев 2019жылы Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионын толығымен жаңартып, жастарғаарналған скейт паркін салды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасынан шыққан екістудент үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тегінбілім алуға жағдай жасады.


«Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры(Солтүстік Қазақстан облысы) Зенченко Геннадий да осы номинацияда жеңімпазатанды. Геннадий Зенченко «Ажар» балабақшасына демеушілік көмек көрсетті(бөлмені жөндеу, жиһаз бен кафель плиткаларын ішінара ауыстыру). Демеушілікқаражат есебінен ауылдық округтің барлық мектептерінде жөндеу жұмыстарыжүргізілді. Жыл соңына дейін Новоникольское ауылындағы Мәдениет үйі қайтажаңартылады. «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұстанымы,түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін Жамбыл облысыныңпаралимпиадалық чемпионы Зүльфия Ғабидуллина жеңімпаз атанды.

Зүльфия жүзу бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Өз есебінен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді. Биыл «Туған жер»бағдарламасы аясында Тараз қаласының «Жансая» шағын ауданында баскетбол, шағынфутбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған алаң салынды.

Сонымен қатар, осы номинацияда анестезиолог-дәрігер, кәсіпкер, «Emodji»әлеуметтік кафесінің иесі Азамат Базылов жеңімпаз атанды. Азамат 15 құлағынашар еститін адамды жұмыспен қамтып, «Emodji» әлеуметтік кафесін ашты. Бүгінбұл кафе Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында танымал. Келушілер дәмханақызметімен қатар ұсынылатын өнімдердің сапасына өте риза.

Елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді,балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға, Денсаулық сақтау,мәдениет, білім беру және спорт саласында «Туған өлке» номинациясы бойыншадемеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшінжеңімпаздардың бірі «Алматы менеджмент университеті» ҚБ президенті,Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов болды.

Асылбек Қазақстандағы алғашқы бизнес-мектеп — 1988 жылы ашылып, кейінненХалықаралық бизнес академиясы болып қайта құрылған Алматы менеджмент мектебініңнегізін қалаушылардың бірі. 2008-2012 жылдары Eduniversal әлемдік рейтингагенттігі академияны Қазақстандағы № 1 бизнес-жоғары оқу орны деп таныды, 2014жылы Eduniversal рейтингінде 4 пальма тармағын алып, әлемнің үздік 300бизнес-жоғары оқу орындарының қатарына енді және 2017 жылы рейтингідегіпозициясын растады.

Сондай-ақ осы номинацияда Маңғыстау облысының кәсіпкері Нұржан Еділовжеңімпаз атанды.

Нұржан, жеке кәсіпкер, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында 295 млн теңгесомасына спорт кешенін салды.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды тиімді іскеасыруда, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізуде және қоғамдықмаңызы бар іс-шараларға бас демеушілікте «Үздік ұйым» номинациясы бойынша«Қазфосфат» ЖШС жеңімпаз атанды, ұйым басшысы Мұқаш Искандиров марапатталды.

«Қазфосфат» ЖШС жыл сайын жастарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектергеқаржылай көмек көрсетеді. 2018-2019 жылдар аралығында 46 млн теңгеден астамсомаға меценаттық көмек көрсетілді. Тараз қаласының «Мыңбұлақ» шағын ауданында,Жамбыл ауданының Шайқорық ауылында 26 млн теңгеге, облыстық туберкулезге қарсыбалалар ауруханасында спорт алаңдары салынды.

Сондай-ақ, 1 млн теңге сомасында 53 көп балалы отбасына азық-түлік себетісыйға тартылды. Сонымен қатар, осы номинацияда Айдын Рақымбаев басшылықжасайтын «BI Group» ірі инвестициялық-құрылыс холдингі жеңімпаз атанды.

Холдинг Түркістан облысы, Арыс қаласында 100-ден астам қираған үйді қалпынакелтірді. «BI – Жұлдыз-ай» әлеуметтік жобасы үнемі қайырымдылық акцияларынөткізеді. Осы жоба аясында науқас балаларға, көп балалы отбасыларға, көмеккемұқтаж адамдарға тұрақты түрде қолдау көрсетіледі.

Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін «Ерен ерлігі» номинациясыбойынша сыйлық иегерлерінің бірі Арман Қасымов.

Арман «Өмірзақ-Сервис» мұнай компаниясында жұмыс істейді, белсендіволонтер, Атырау жедел жәрдем стансасында 10 жылдан астам уақыт бойы волонтерболып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Арман жыл бойы денсаулық сақтау саласынаволонтерлерді тарту үшін, оның ішінде хоспистерге, онкологиялық диспансерлергекөмек көрсету үшін «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасының амбассадоры болады.Жоба Еріктілер жылын өткізу аясында іске асырылады.

Сондай-ақ осы номинацияда Павлодар облысының «Сағымбай» шаруа қожалығыбасшысы Сағынбай Уабов жеңімпаз атанды.

Сағынбай мектепте тегін ыстық тамақ ұйымдастырады, мәдени-бұқаралықіс-шараларға демеушілік жасайды, тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Бірнеше жылбойы кәсіпорын көктемгі және күзгі сенбіліктерді өткізуге техника бөледі,апатты үйінділерді тазалайды және жолдарды ұстауға қаражат бөледі.

Шаруа қожалығы 2006 жылы құрылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзегеасыру аясында Түгел батырдың жерленген жерін абаттандыруға демеушілік көмеккөрсетті. Қазір аумақты қалпына келтіру, қоршау және абаттандыру жұмыстарыжүргізілуде.

Әр номинация бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының 10 лауреаты марапатталды.

Жеңімпаздар байқаудың сайтында ашық дауыс беру қорытындысы бойыншаанықталды.

Фото: ҚазАқпарат

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43