20.01.2021, 16:00
1908
Сот отырысында бұрынғы денсаулық сақтау министрі қамауға алу мерзімін төрт айға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Демек, экс-министр 2021 жылдың 28 ақпанына дейін үй қамауында болады.
«Кеше сот отырысы өтті. Қамауға алу мерзімін ақпанның соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», — деді адвокаты Дмитрий Куряченко.
Нұр-Сұлтан қалалық соты сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етуге жатпайтындығын алға тартып, ақпаратты растаудан бас тартты.
Елжан Біртанов 7 қарашадан бастап үй қамауында отыр.
Елжан Біртановқа бюджет қаражатынан қомақты сома жұмсады деген күдік келтірілген болатын. Бұрынғы министрдің қамауға алынғаны 2020 жылдың 31 қазанында белгілі болды. 2 қарашада бұл ақпаратты Қаржы мониторингі комитеті растады. Кейіннен елдің танымал дәрігерлері Елжан Біртановты қолдап ашық хат жолдады. Олар экс-министрге қатысты әділ тергеу жүргізуді және тергеу кезінде бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұрады.
Дәрігерлер Юрий Пя мен Вячеслав Локшин, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев, сенатор Еділ Мамытбеков және басқалар жеке кепілдікке қол қойды және алдын-алу шарасын Елжан Біртановтың үйінен кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге өзгерту туралы өтінішке қол қойды. Сот Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны үй қамауына босатты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР