Ембілік мұнайшылар арыстық балаларға қолдау көрсетті

25.07.2019, 09:59

4

Атырауоблысындағы отандық мұнай өндіруші компания «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері«Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, жалақылары есебінен қаражатжинады. Жиналған қаражатқа Түркістан облысы Арыс қаласының бүлдіршіндерін қолдау мақсатындақайырымдылық шарасын ұйымдастырды.   

Қайырымдылық шарасына жергілікті тұрғындар, мектепоқушылары, қала басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара кезінде Арысқаласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 400-ден астам балаға «Мектепке жол»бағдарламасы аясында мектеп киім-кешектері тарту етілді.


«Ембімұнайгаз»АҚ ұжымыныңқайырымдылық-демеушілік шараларын тұрақты ұйымдастырып келе жатқанын атап өткенжөн. 2015 жылы ЕМГ қызметкерлерінің жалақысы есебінен жиналған қаражатқатәрбиесінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар Атырау қаласындағы 4 отбасыныңбаспанасына күрделі жөндеу жүргізіліп, жылғызілікті бір қарияға баспана салыныпберілді. Ал, 2016 жылы Атырау қаласындағы балаларының екеуі ауыр дерткешалдыққан көп балалы отбасыға да жаңа үй тұрғызылды. 2018 жылы ембіліктер қаттынөсерден зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының тұрғындарынада қолдау көрсетіп, бір күндік жалақылары есебінен қаражат жинап, оған   облыстағы Малеевск, Зубовск, Зырян қаласыныңшеткі мөлтек аудандарындағы баспанасы жөндеуге келмейтін жанұяларға 7 баспанатарту еткен болатын.


Осы жылы ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтыңбастамасымен ембілік мұнайшылар бір күндік жалақыларын жинап, Рамазан айықарсаңында Атырау облысындағы Құрманғазы, Исатай, Мақат, Жылыой, Қызылқоғааудандарындағы баспанасыз, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған сегізотбасыға 8 баспананың кілтін табыс еткен болатын.

Бұл жолғы көмек арыстық мектепоқушыларына арналды. Қаладағы 40 мектептің арасынан жарылыстан бүлінген 16мектептің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына арнап көмекұйымдастырылды. Арыс қаласы бойынша білім беру бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаевбарша қазақстандықтардың қол ұшын созып жатқанын атай отырып, арнайы келгенембілік мұнайшыларға арыстық ата-аналардың алғыстарын жеткізді. Оның айтуыншаАрыс қаласы бойынша 20 мың мектеп оқушысының 1843-і әлеуметтік көмекке мұқтажекен. Бүгін осы оқушылар арасынан бастауыш сынып бүлдіршіндеріне мектептіккиім-кешектен көмек көрсетіліп жатыр. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39