Емханада шенеуніктерге арналған жеке кабинеттер болады

06.12.2018, 16:49

180

Қарағанды шенеуніктері бақытты. Олай дейтініміз 2019 жылдың қаңтар айында қаланың қақ ортасындағы Мажайский көшесіндегі 8-ші емхана ашылады. Сол жерде мемлекеттік қызметкерлерге арналған арнайы кабинеттер ашылады. Демек, олар көппен бірге кезекте тұрмай өз дәрігерлерінен алаңсыз ем-дом алатын болады.Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, 440 миллион қаражатқа жабдықталған емхана 15-20 мың адамды қабылдай алады екен. Алайда, бүгінгі күнге дейін бар-жоғы үш-ақ мың адам тіркеліпті. Сол себепті...«Біз осы емханада мемлекеттік қызметкерлерге керекті ем көрсету жағдайымен қамтамасыз етілсін деген ұсыныс тастадық. Нақты осы мекемені алып отырған себебіміз, мемлекеттік органдар қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Мемлекеттік қызметкерлердің қолайлылығы үшін, осы нысанды таңдадық. Емхананың құрал жабдықтар құр бос тұрып қалмасын, дәрігерлер де іспен айналыссын деген ой», — дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жеткешісі Ержан НҰРЛЫБАЕВ.Дегенімен, сегіз сағат жылы кабинетінде қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерінен бөлек, жер астында ауыр еңбек ететін кеншілер қолайлы медициналық қызметке зәру ғой деген оймен, «шахтерларға арнайы кабинет неге бөлмеске» деген сұраққа: — Келсін, есік ашық барлығына. Оларға ем-дом көрсетуге дайын. Бүгінгі күні ешқандай мемлекеттік қызметкер тіркелген жоқ.  Алда уақыт көрсетеді», — деді кеншілерден гөрі мемлекет қызметкерлерінің денсаулығына көңіл бөлген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісі.Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, Қарағанды қаласында мемлекеттік қызметкерлердің қатары көп емес. Бар-жоғы екі-ақ мың екен. Алайда, бұл бастаманы шектен шыққандық деп сынайтындар да жоқ емес. — Күзде қарапайым адамдар аттап баса алмайтын совмин ауруханалары мен санаторилар, горком демалыс орындары, саяжайлар, обкомдық үйлер, дүкендер, буфеттер салынған. Кім білсін, бұндай игіліктерге қарапайым азаматтар қашан жететінін?! Егер қазіргі шенеуліктер біз баратын  емханалардағы ұзын сонар кезектерде тұрған болса, біз сауда жасайтын дүкендерден азық-түлік алар болса, біз тұратын үйлердегі баспалдақтармен көтерілсе, онда олар бүгінгі қоғамдағы шындықтармен бетпе-бет кезігер еді, — деп сынады «Вечерняя Караганда» газетінің бас редакторы Ерлан ЖИТЕНОВ. Қарағандыда әріптесіміздің бұл сөзіне қайшы пікірлер де бар. Мәселен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы  департамент басшысының орынбасары Берік АХМЕТОВ мемлекеттік қызметкерлерге бұндай жеңілдіктер жасау халықаралық тәжірбиеде бар дейді. Сингапур мен Малазия шенеуніктеріне осындай жайлы жағдайлар жасап жемқорлықты жеңген деген ой айтқан.Фото: zoon.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31