Енді қалай сайрар екенсің Байділдинов?!

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

10.01.2022, 09:25

1511

Жаңаөзеннен басталған наразылық еліміздің басқа қалаларында да жалғаса бастады. Дәл осындай кезеңде халықпен дұрыстап сөйлесіп, сауатты түсіндірудің маңызы зор. Өйткені өзі ширығып тұрған халықты кез келген сөз арандатып, ашуын тудыруы бек мүмкін. Солай болды да...

Мысалы,  қазақстандық тәуелсіз сарапшы Олжас Байділдинов «газ бағасымен келіспегендер қоғамдық көлікпен жүрсін» деп салды. Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов автокөлік газының бағасына қатысты пікірін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында білдірген.

«Бағаны нарық анықтайды. Ол табысқа тәуелді емес. Адамдар газдың бағасына көңілі толмаса, қоғамдық көлікті пайдалансын. Бұл енді проблема емес шығар?» деген Байділдиновтің пікірі әлеуметтік желіде талай жанның пікіріне, наразылығына, талқысына тап болды. Тіпті ашуланған халық оның әлеуметтік жағдайын сараптай жөнелді.

Chinovnik_kz мәліметіне сүйенсек, халыққа қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берген Байділдиновтің 2021 жылғы екі көлігі 33 миллион теңге тұрады екен. Ал жылжымайтын мүлкіне келсек, 37 жастағы мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің иелігінде елорда түбіндегі Қосшы елдімекенінде 288 шаршы метрлі екі қабатты үйі бар екен. 2020 жылы тұрғызылған үйдің құны – 85 млн теңге көрінеді. Сондай-ақ ел астанасы Нұр-Сұлтанда үш пәтері бар екен. Бірі – Highwill Astana тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бизнес-кластағы 3 бөлмелі пәтерінің аумағы 100 шаршы метр болса, құны – 60 миллион теңге екен. Ал «Алтын-Арна» тұрғын үй кешеніндегі 2 бөлмелі пәтері 40 млн теңгеге бағаланған. Оның аумағы – 75 шаршы метр.

«Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің өзі 27 млн теңге тұратынын ескерсек, пәтерлерінің өзі ақ Байділдіновтың байлығынан хабар бергендей екен. 

Сонымен қатар Олжас Байділдиновтің иелігінде коммерциялық мақсатта пайдаланатын аумағы жүз шаршы метрлік  ғимараты бар. Оның өзі 20 млн теңгеге бағаланған. Қарап отырсақ, сұйытылған газ бағасы Байділдиновке аса салмақ салмайтындай көрінеді. Демек аса ақылгөйсінуінің де жөні жоқ секілді. Өйкені сұйытылған газды пайдаланып, таксилетіп отбасын асырап отырған ағайынға қалай "қоғамдық көлікпен жүр" дейсің. Бірақ қарапайым халықтың шынайы жағдайы министрдің штаттан тыс кеңесшісіне тым таныс емес секілді. Ендеше кеңесінің де, пікірінің де маңызы бар ма?  

Айпақшы аузын қу шөппен сүртіп Олжас Байділдинов «Жер қойнауын пайдаланушылар энергия тасымалдаушыларды үнемі субсидиялай алмайды. 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы ақпаратқа сүйенсек, Жаңаөзендегі орташа жалақы 505 мың теңге. Бұл жалпы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Соған қарамастан тұрғындар сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап етіп отыр. Жаңаөзен – Қазақстанның бір бөлігі. Ал Қазақстан аймақтық және жаһандық экономиканың бір бөлшегі. Сондықтан біз нарықтық жағдайды біле отырып, мұндай жеңілдік жасай алмаймыз», – деген болатын.

 Олжас Байділдиновтің сөзінше сұйытылған газ бағасын мүлдем төмендету мүмкін емес көрінеді. Бірақ қазірде жаңаөзендіктердің талабы қанағаттандырылып сұйытылған газ бағасы елу теңгеге түсті. Бас көзі жоқ біреулердің ығына жығылып, кеңесін керекті керексіз жерге тықпалай беретін кеңесшіге бұдан былай «өз ақылың өзіңе» деу керек секілді.

Тегтер: мұнай экономика инвестиция биржа баға құлдырау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49