Енді жетпегені журфак бітірген парақорлар еді

09.06.2020, 07:04

56

    Өткенаптада Нұр-Сұлтанда мәдениет басқармасы бөлімінің басшысы Нұрлан Сыдықов 10миллион теңге (кей деректер 12 миллион дейді) көлеміндегі ірі параны алыпжатқан жерінде ұсталды деген ақпарат тарады. Бас қаладағы «Алау» спорт нысанындағыкүрделі жөндеу жұмыстарына байланысты пара алған шенеунік 26 мамырда ұсталған, соларада бір ықпалды тұлғалар істі жылы жауып қоюға тырысқан болса керек, бұлтуралы құрғақ хабар баспасөзге тек бір аптадан кейін ғана шықты.

 Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды,тергеу жүріп жатыр. Сонымен,  Нұрлан Сыдықов кім еді деген сұраққа келсек,бұл кісі билік партиясын жағалап жүріп, қызметтік сатымен жоғарыға көтерілгенкәдімгі журфак түлегі. 1983 жылы туған шенеунік журфакты 2007 жылы бітірген.Студент шағында-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенкезінде бас партияның «Жасыл ел» отрядына, сосын,«Жас Отан» жастар қанатының жұмысына белсене араласты. Соның арқасында Алматықаласы әкімдігінен бір-ақ шыққан. Алдымен жастар саясаты басқармасына, кейінішкі саясат бөліміне, ақыры мәдениет басқармасына қызметке келді.

Айта кету керек, мәдениет саласының бюджеті елдекөп бақылана бермейтін бюджеттердің бірі. 2019 жылдың 28 маусымында Алматыдакүтпеген жерден әкім ауысып, 37 жастағы Сыдықов әкімнің артынан Нұр-Сұлтанғакеліп, тура сондай қызметке жайғасады. Тағы сәл шыдағанда әкімнің орынбасарыболар ма еді, кім білген? Бірақ бұл жолы журфак түлегін ақшаға деген ашкөздікқұртты.
  НұрланСыдықовты ұстауға негіз болған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-тармағы (аса ірікөлемде пара алу) бойынша 60-70 есе көлемдегі айыппұл не мүлкін тәркілеумен7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тергеу мәліметінше, Сыдықов Бейсенбаева дегенәйелден 10 миллион теңге пара алған. Іс материалында тіркелгендей, иығына сөмкеілген Бейсенбаева кешегі журфак түлегінің жұмыс кабинетінекіреді. Одан шыққанда қолында жаңағы сөмке болмайды.

   Сол арада әйел ұсталып, не істегенін бірденмойындайды. Ол 10 миллион теңгені келісімшарттың орындалғаны туралы құжатжасалуы үшін алып келген. Құжат астанадағы спорттық нысандардың біріне жөндеужүргізуге қатысты екен. Қазір Бейсенбаеваның сөмке ұстап, тағы қандайкабинеттерге кіріп-шыққаны тексерілуде.
 Сыдықов ұсталғаннан кейіноның үйінде тінту жүргізіліп, тұп-тура 10 миллион теңге табылды. Енді журфак түлегі түрмеде отырғысы келмесе, айыппұлретінде 600-700 миллион теңге тауып беруі керек. Бұны бір деңіз. Екіншіден, бұлтартпас айғақтармен оңбай ұсталған шенеунікенді масқара болғанда, тергеу тарапына жығылып, өзінің қазіргі бастығы –Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгіновке, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекпен Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Қырықпаев сияқты «ірі шортандарға»қарсы куә беріп жатқан көрінеді. Бұл дегеніңіз – астана әкімі Көлгіновтіңбасына қара бұлт үйірілуі мүмкін дегенді білдіреді. Өз қарамағындағы тікелейбағынышты қызметкері жемқорлықпен ұсталған жағдайда  бірінші басшы соттың айыптау үкімі шыққаннанкейін немесе ақтауға келмейтін негіздермен қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10күннің ішінде отставкаға кетуі тиіс. «Мемлекеттік қызмет және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға тура осындай нұсқауды көздейтінөзгерістер былтыр күзде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «еститін мемлекет»тұжырымы аясындағы тапсырмасы бойынша енгізілген болатын. Бұл жерде қалайайналдырсаң да, қалалық мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов қалаәкімі Алтай Көлгіновке тікелей бағынышты қызметкер. 

    Жемқорлықпен күресетін агенттікқызметкерлері бұл жолы Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің ізіне де шам алыптүсуі бек мүмкін. Бұған дейін Байбектің адамы саналатын тағы бір «ірі шортан» –Бағдат Мәнізоров жемқорлық күдігімен ұсталса да, жауапкершіліктен сытылыпкеткен еді. Сол кезде тергеуді соңына дейін жеткізуге күйі келмей қалған агенттікбұл жолы істі уысынан шығармайды деуге негіз бар. Енді тергеудің аяқталуын күтіп,іс сотқа жетіп жатса, сот үкімі мен Көлгіновтің тағдыры қалай шешілетінін көріпқалармыз.


Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ

Нұр-Сұлтан қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36