Эпидемиологиялық жағдай қиындап барады – Бас санитар Қиясов

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 11:51

817

Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау вице-министрі – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов брифинг өткізіп, коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай жайлы хабардар етті.

Е.Қиясов соңғы екі аптада өңірлерде COVID-19 шалдыққандар қатары артқанын айтты.

"Індет барлық аймақта белең алып келеді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есе өсті. Жалпы республика бойынша науқастың 45% Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (3912-нің 1755-і). Сырқат Қостанай облысында 4,0 есе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе өскен", — деді Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлерде әкімдіктер карантиндік шараларды күшейтті: санитарлық бекеттер орнатылды, қалаларға кіру және шығу шектелген; елді мекендерде санитарлық блокбекет орнатылды; аталған облыстарға кіру және шығу, әуе, т/ж қатынасы қысқарды.

Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар арасындағы күнделікті мониторингті жалғастыруда. Оқу жылының басынан оқушылар арасында КВИ-дің 825 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 261 жағдай тіркелді, 564 жағдай — қашықтықтан білім алатын балалар арасында анықталған.

«Соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді, індет жұқтырғандар саны, әсіресе Шығыс Қазақстанда көп, Павлодар облысында, Батыс Қазақстан облысында, қалған 4 өңірде бірлі-жарым науқас тіркелді», — деді Е. Қиясов.

Шекара маңындағы өңірлердегі қолайсыз эпидемиологиялық ахуалды және РФ, Өзбекстан, Қырғызстаннан елімізге індет тасымалданғанын ескере отырып, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі қатаңдатылды.

ҚР аумағында тұруға ықтияр хаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Аталған азаматтар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим тоқтатылады. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз жүргені анықталды.

Украина, БАӘ; Германия; Беларусь, Түркиямен әуе рейсі қысқарды.

"Қазақстан аумағына келген барлық әуе рейстерінде, оның ішінде Қазақстан азаматтары, сондай-ақ екі жақты халықаралық жүк тасымалдайтын жүргізушілерде ПТР-тестілеу туралы анықтама болуы тиіс. ҚР-ға келген азаматтарда анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға жатады. Жолаушыдан COVID-19 анықталмаса, тиісті қолхат алып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру ұмыстары жүргізіледі. COVID-19 анықталған адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады", — деді Е. Қиясов.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер азаматтар мен бизнес өкілдері карантин режимін бұзуды тоқтатпай отырғанын айтты. Өткен аптадағы мониторингтік топтар жүргізген рейдтің нәтижесі бойынша жалпы республика бойынша нысандардың 9,7% карантиндік шараларды сақтамаған.

Шығыс Қазақстан облысында талап бұзған нысандардың саны 12,6%-дан 33%-ға дейін, Алматы облысында 5%-дан 12,3%-ға дейін артты.

Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық және шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін бір апта ішінде 1 329 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 12:54
«Мен орысша сөйлеуге міндетті емеспін»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12:41
Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:53
Әкімдік мамандары жәрдемақы есептерде жіпке тізгендей тергеп түгендейді-көп балалы ана
Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56