Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы көп

Бифат ЕЛТАЕВА

18.08.2022, 18:06

587

Жастар қоғамның қозғаушы басты күші болғандықтан, жастарға әрқашан көңіл бөлумаңызды. Сол себептен де, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр үндеуінде жастардың саясатына, жастардың басты мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, айтып отырады.

Қазіргі таңда елімізде ерікті жастардың саны әжептәуір көбейген.яғни, өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары күннен күнге толығуда.  Соған сәйкес, елімізде волонтерлар жылы даарнайы күнтізбеге белгіленді.  Волонтерлар жылына орай өңір-өңірлерде арнайы жұмыстар жасалынып, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асып келеді. мәселен, Қосыл Қызылорда Жастар орталығы жанынан пандемия уақытында «Біргеміз» еріктілер корпусы жасақталып, оған екіжүзден астам волонтер жастардың жұмыстары үйлестірілген болатын. Іс-шара барысында 2 бағыт бойынша, «Еріктілермен жұмысшы топ мүшелеріне жұмыс жасау әдістемесі» және «Медиа еріктіліктің контентке пайдасы» тақырыптарында секциялық жұмыстар жүргізіле отырып, еріктілер тәжірибе алмасуға мүмкіндік алған еді.

Сондай-ақ Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы “Zhas town” плоггинг ұйымдастырған болатын. Аталмыш шараға Орта Азия елдерінен келген еріктілер қонақта болып, Амфитеатрмаңында ізгі тілектерін жазып, жерге уақыт капсуласын салды. Сонымен қатар “Auen party” караоке кешін ұйымдастырды.  Форумның екінші күні қатысушылар арасында «Өз жобаңмен бөліс» ашық микрофон өткізіліп, өңірлердегі волонтерлік жобаларға қатысты өзара пікір алмасты. Атлмыш форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден аса ерікті жастар қатысқан болатын. сондай-ақ форум аясында алдағы уақытта, яғни, 18-19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында екі жүзден астам делегат қатысатын жиын басталып кетті. Онда ТДМ бойынша панельдік сессиялар және пікірталас алаңдары өткізілетін болады.

Сонымен қатар ерікті жастар ауыл шаруашылығына да ерекше назар аударып келеді. осы орайда, Сарығаш Жастар ресурстық орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еріктілерге қатысты шараларды бастап кетті. Атап айтсақ, Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінде ерікті жастар Жібекжолы елдімекендегі жылыжайлардың жұмыстарымен танысып қайтты. Таныстырылым барысында Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдала отырып, отбасылық кәсіппен айналысып отырған кәсіпкер Махамет Давлетов арнайы келген жастарды өз тәжірибесімен бөлісіп, жұмысының барысы мен құпия-сырлары жайында баяндады. Жастар «Сивилия» шаруақождалығының жұмыстарымен таныса отырып, алдағы уақытта ауыл шаруашылығына қатысты жұмыстарға кқөңіл бөлетіндіктерін айтты.

Ал «Жанкент жастары» ұйымының және Ерікті аналарымыздың бірлесіп қйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты акция өткізілген болатын. Қайырымдылық акцияны ұйымдастырушы топ өкілдері аудандағы жалғызбасты қарттардың үйлерін әктеп, тазалық жұмыстарына көмектескенболатын.  Мұндағы басты мақсат – жергілікті жерлердегі жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, әрі қайырымдылық істерге баулу арқылы мейірімділіке тәрбиелеу болатын. Осындай игі істер арқылы еліміздегі өзге де жастар ерікті ретінде көптеген тиімді істердің басы-қасында жүру арқылы ел ішіндегі жұмыстарға араласа  білуіне мұрындық болып келеді.

Тегтер: жастар саясаты кадр маман

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41