Ермұрат БАПИ: Жастар "Жаңа Қазақстанды" мойындамайды

21.06.2019, 03:15

13

Былтыр сәуірде ғана бір топ азаматтық белсенді құрған«Жаңа Қазақстан» форумының не себепті тарағанын осы форумның бұрынғымүшесі, «Ақиқат» ЖСДП-ның төрағасы Ермұрат БАПИДЕН сұрап білдік.

­– Ермұрат мырза, «Жаңа Қазақстан» форумы несебепті тарады?

– Біріншіден,«Жаңа Қазақстан» форумы мемлекеттік тіркеудегі ұйым емес. Олқоғамдағы бір топ саясаткер, азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан саясиалаң. Екіншіден, «Жаңа Қазақстан» өз миссиясын орындады. Қазірқоғамда жаңа трендтер туып жатыр. «Шындықтан қашып құтылмайсың»,«Мен ояндым», «Таңдауым бар» деген ұран тастаған жаңаазаматтық күштер пайда болды. Олар тіркеуді, әлдебір мойындауды қажет етпейтін,қоғамдағы жас толқын құрған виртуальды жаңа бірлестік. Бірақ сөйте тұра, өтетиімді технологиялық әдістермен жұмыс істейді. Қоғамда осындай трансформацияжүріп жатқанда, «Жаңа Қазақстан» форумы өзінің диалогтық алаңретіндегі рөлін орындап бітті дер едім. Енді шалажансар ұйымды сүйрелеп, алыпжүрудің қажеті жоқ. Неге десеңіз, «Менің таңдауым бар», «Oyan,Qazaqstan» тәрізді ұйымның жастары бізбен диалогқа келмейді, олар«Жаңа Қазақстанды» мойындамайды. Себебі «Жаңа Қазақстан» форумының өкіліпрезидент сайлауында осы форумның беделін түсіруге ықпал етті. Оның сайлаукезіндегі босаңдығы «Жаңа Қазақстанды» былғап кетті. Сондықтан бұлфорум жұмысын қанша жерден алға бастырып, сүйрелегенімен, меніңше, одан нәтижешықпайды. Неге десеңіз, «Жаңа Қазақстан» қоғамға жаңа күш-қуат беріпжатқан жастар ұйымдарымен жағаласа алмайды, жағаласу түгіл, санаса алмайды.Сондықтан «Жаңа Қазақстанның» тарауына ешқандай қарсылық көрсетпей, келісіп,қол қойып бердім.

– «Жаңа Қазақстанның» тарауына форумның барлықмүшесі келісім берді ме? Мәселен, Ә.Қосановты қолдаған Айдос САРЫМ, РасулЖҰМАЛЫ мен Дәурен БАБАМҰРАТОВТАР келісті ме?

–  Оны білмеймін, бірақ мәлімдеме мәтіні олардыңқолына түсті. Форумның тарауына сондай бір қарсылық болған жоқ. Тек Дос КӨШІМ«ресми тіркелмеген ұйымды тарату керек пе, жоқ па, осыған акцент беру қажетпе, қажет емес пе...» деген мәселе көтерді. Сол сияқты Серік МЕДЕТБЕКОВ(Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі – ред.) «бұл ұйымбізден тамақ сұрап жатқан жоқ, оны таратып неғыламыз» дегенді айтты. Өзімұйым тарасын деп қол қойдым, Серікжан МӘМБЕТӘЛИН де қол қойды, қалғандарыныңқойған-қоймағанын білмеймін. Егер мәлімдеме мәтіні жарияланса, демек, олар дақол қойды деген сөз.

– «Жаңа Қазақстан» форумы тарағаны жөніндегімәлімдемеде Әміржан ҚОСАНОВҚА реніш табы байқалады. Форумның тарауына негізгісебеп Қосанов емес пе?

– Ол негізгі себепболмаса да, тарауға бастамашы болған дүние. Себебі Қосановтың экзит-полдыңкөрсеткішін тез арада қабылдап, қарсыласының жеңісін мойындауы Қосановқа ғанаемес, ол мүше болған «Жаңа Қазақстан» форумына қоғамда үлкен реніштудырды. Сөйтіп, Қосанов қана емес, біздің форум да қоғам тарапынан қарғысқадейінгі сөздер естіп, былғанды. Ел-жұрттың наласына ілінген ұйымды ары қарайшалажансар күйінде жетектеп жүргеннің ешқандай қажеті жоқ еді.

Өмір мұнымен біткенжоқ. Алда әлі уақыт бар, парламент сайлауы бар. «Жаңа Қазақстаннан»басқа ұйымдар бар. Партияны айтпағанда, толып жатқан жастар ұйымымен жұмысістеу әлдеқайда қызықты.  Сол жастардың табандылығы,технологиялық тілде сөйлейтіні, осының бәрі қоғамдағы трансформацияға екпінбереді. Сол жастармен бірге жүріп, оларға ақылшы болып, өз көмегімді берсемқоғамдағы белсенділік рөлім әлдеқайда басым болмақ.

– Әңгімеңізге рақмет!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39