Есектің еті ем, сүті саумал ма?

Қымыздың құны 1200 теңгеден аса алмап еді, енді есек сүтінің литрі 5 мың теңге

Жарлы БАЙҒАНИН

26.11.2020, 09:16

715

        Індет өршіп тұрған кезінде «ойбай, қатты қымбаттап кетті» деп қиғылық салғанда, қымыздың құны 1200 теңгеден аса алмап еді, енді келіп есек сүтінің литрі 5 мың теңге деген бетсіздердің не ойлағанын түсіне алмай тағы таңдандық.

       «Ашық алаң» бағдарламасының 20 қарашадағы көрсетілімінде «Есектің сүті ем бе?» деген тақырып тағы қозғалып, тікелей эфирде қойылған «литрі қаншадан» деген сұраққа алынған жауаптың сиқы осы.

       Не қоғамнан, не діннен нақты жауап таба алмай теңселген жұрт. Пәтуа айтады-ау дегендеріміз сайлау алдында сандалып, ақидасын ауыстырып, өз-өзімен әлек. Бірақ олар жарытып не айта қояр дейсің. Көп болса, «Арақтан айырмасы не? Ол да хәрам» дер. Мұртсыз миығынан мысқылдай күле, үш түйір сақалын сипалап, арамды – хәрам, адалды – хәлял деп, тілін бұрап, арабшасын айтқанға мәз болар.

       Орысша оқығандар тап осылай қазаққа жоғарыдан қарап, қоқилана «мәмбет» дейтін. Бұлар «кәфір» дейді. Сонда арақ ішкен сасық орыс пен түйенің зәрін ішкен арабтың қазақтан қай жері артық? Бұлар неге қазаққа жоғарыдан қарағысы келеді?

       Енді есектің етін есепсіз сатып аламыз деп, қытай келгенде «меже 50 миллион» деп, ұмыт бола бастаған ұранын қайта көтере жаздаған ел басшылары есек саууға да қарсы емес секілді.

       Мұның алдында ғана әлеуметтік желілерде желдей ескен есек сауғандар туралы сауалға сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың берген сөзін нақтылау үшін министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған paryz.kz «Бұл жағынан ветеринарлық және фитосанитарлық, басқа да бақылау жүйелері бойынша тиісті функция, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі техникалық регламенттер бойынша тиісті норма бар. Сондықтан бұл жерде ешқандай проблема жоқ. Сұраныс болса, әрине, тауар да өндіріліп, ұсыныс болады. Бірақ ветеринарлық, техникалық регламент бойынша барлық бақылау жүргізіледі» деген сөзін жариялаған болатын.  

        Иә, сол «хит» болған есек сауу туралы видео Алматы облысындағы фермада түсірілген болып шықты. Яғни елімізде есек пен шошқаға субсидияны үйіп-төгіп, жылқы мен қойды өзің үшін бақ дегендей күй кештіріп отырған ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы мекемелердің бірі екен. Бұларға не айтасың? Орыс шапса орысқа, араб шапса арабқа қызмет етіп үйренген сатқын биліктің бұл халыққа әлі не көрсетері  белгісіз.

Өткен ғасырдың 50-жылдары Қазақстанға келген Хрущев еркетотай немересінің көңілін аулау мақсатында қазақ даласынан ақ бота іздетіпті. Оңайлықпен табыла қоймаған ақ ботаның орнын толтыруға жанталасқан жағымпаз қазақ шенділерінің Алға химия зауытында боз ботаны боздатып, аққа бояп, пойызға тиеп жібергендері елдің есінен әлі кете қойған жоқ.

Сол солқылдақ биліктің бүгінгі жалғасы тағы да сол Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылында еліне қорған болған Есет батырдың басына доңыз жайғаны аздай, Елек өзеніне дәретін әдейі ағызған армянға қорған болып, жергілікті халықты қорлауда. Солай!  

Болашақ Елжауды (Күн биді) Көкбөрі емізген деп, ертегі айтатын қазақ баласына бүгінгі билік осылай есек емізіп, доңыз жегізудің ебін іздеуде ме деген сұрақ туындайды.

    

Тегтер: қоғам халық нарық сауда

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30