Есірткі шегіп, полицияға қарсыласқан ақтөбелік жауапкершіліктен босатылды

17.01.2019, 19:07

176

Бүгін Ақтөбе қалалық соты 1974 жылы туған Санат АҒАДИЕВКЕ үкім шығарды. 2018 жылДЫҢ 10 қыркүйегінде «есірткіге еліткен» Санат Ағадиевтің Toyota Land Cruiser автокөлігімен Ақтөбенің орталық көшесінде бірнеше көлікті соғып, полицияға қарсылық көрсеткен.Кейін медицина сараптамаларына сүйенген тергеу Санат Ағадиев қылмыс жасаған кезде ақыл-есі дұрыс болмаған деп тапты. Сот осыған байланысты 17 қаңтар күні Ағадиевті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Бірақ ол психиатрлық стационарда мәжбүрлі түрде емделе береді. Осыған дейінгі сот отырысы кезінде прокурор Азамат БАЙБОЛАТОВ Ағадиевтің бірнеше жыл бұрын болған төбелес кезінде басынан жарақат алып, емделмегенін, кейін есірткі мен ішімдікке әуес бола бастағанын айтқан еді. Мемлекеттік айыптаушының сөзіне қарағанда, Ағадиев бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған. Сот оны 2022 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырған. Сөйте тұра, 2018 жылы 10 қыркүйекте әкесінің Toyota Land Cruiser көлігін айдап әкеткен Санат Ағадиев екі жеңіл көлікті соғып, жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам шығын келтірген. — Сот үкіміне сай, жәбірленушілер Ерғалиев пен Жантөриновтің шығынын Санат Ағадиевтің заңды өкілі, яғни әкесі Әлмұхамбет Ағадиев өндіріп берсін, — деді судья Ербол ӘБДІХАЛЫҚОВ.Өзі зейнеткер, ал ұлы Санат Ағадиевтің науқас екенін айтқан Әлмұхамбет Ағадиев сот үкіміне наразы. «Бір миллион теңге зейнет жасындағы адам үшін тым көп ақша» деді ол үкім оқылып болған соң.Іс материалдары бойынша, 2018 жылғы 10 қыркүйекте бірнеше көлікті зақымдаған Ағадиев полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Пышақ кезеніп, оларды балағаттаған. Осыдан соң полиция қызметкерлері ескерту ретінде аспанға оқ атуға мәжбүр болған.Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31