22.06.2019, 18:21
145
Бүгін Алматыда даңқты қазақ спортшысыДенис ТЕНГЕ ескерткіш орнатылды. Сочи олимпиадасы жүлдегерінің тас мүсіні жасөмірі үзілген Бәйсеітов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысына қойылды.
Ескерткіштің авторы мүсінші МатвейМАКУШКИН. Қазір мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана ТЕННІҢ кітабы әзірленіпжатыр екен. Алматылықтар Денистің атына қаладағы спорт сарайларының бірін берукеректігі туралы бастама да көтерген еді.
Денис Тен былтыр 2018 жылы 19 шілде күніавтоұрылардың қолынан қаза тапқан еді. Бұл қылмыстық іске байданысты айыпталғанАрман ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Нұралы ҚИЯСОВ 18 жылға, Жанар ТОЛЫБАЕВА 4 жылға сотталған.
25 жасында дүниеден өткен спортшы Сочиолимпиадасының қола, әлем біріншіліктерінің күміс және қола жүлдегері. Азияойындары мен көптеген халықаралық чемпионаттардың жеңімпазы.
Фото: tengrinews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР