Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ

20.10.2021, 10:03

1261

Биыл төл мерекеміз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тәуелсіздік жолында күресіп өткен бабалар күресінің жалғасы – 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісіне» 35 жыл.

Желтоқсан айы жақындаған сайын 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» көз алдыма келеді де тұрады. Бұл – мен үшін жанымның жазылмас бір жарасы. Осы бағытта барлық уақытымды және бар қаражатымды жұмсасам да, «Желтоқсан оқиғасы» деген атауды «Желтоқсан көтерілісі» деген атауға айырбастап, қалай да нақты саяси бағасын алу мақсатына жетсем деймін.

Сол уақыттағы қазақ жастарының жұдырықтай жұмылып, алып күшке айналып алаңдарға шығып: «Долой Колбина!», «Қазаққа қазақ басшы болсын!» – деп ұрандатулары Тәуелсіздік жолындағы ұлтымыздың алғашқы қадамы болатын.  

Біріншіден, Желтоқсан бұл – оқиға емес, бұл көтеріліс! Алдымен, осы арасын нақтылап алған жөн. Яғни Ұлт-азатық көтеріліс ретінде тарихта таңбалануы тиіс. Ол үшін Желтоқсан көтерілісіне қатысқан әрбір азамат мемлекет тарапынан қолдауға ие болуы керек. Сонда ғана бұл көтерілістің маңыздылығы айқындалмақ.

Шілде айында «Желтоқсан Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандыбай Серікбек, төраға орынбасары Шолпан Майхарина, басқарма мүшелері: Жігер Қашкенов, Сапура Тоқсейітова, Бақытгүл Оспанбаева, Ермек Байболов бас қосқан жиынға қатыстым. Соңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына желтоқсандықтар атынан желтоқсандықтарға сый тартайық деген шешімге келіп, өз қаражатымызға тасбелгі қоюды шештік.

Басында тасбелгінің эскизін жасап, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігіне ұсыныс жасап едік, өтпеді. Содан кейін бір кездесуде Алматы облысы Талғар ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Фарида Мамырбекқызына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап тасбелгі қоюды айтқанбыз. Ол бізді бірден қолдап, Талғар қаласына орнатуды ұсынды. Бұл ұсыныс біздің де ойымыздан шығып, осы жылдың қазан айының 15 күні «Желтоқсан. 1986 жыл»  тасбелгіміз құтты орнын тауып, Талғар қаласының саябағынан бой көтерді. Ендігі жақсылықтың жалғасы: Талғар ауданы әкімдігімен келісе отырып, 2021 жылдың желтоқсан айының он алтысы күні, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күнінде салтанатты түрде тасбелгінің ашылу рәсімін өткізбекпіз. Қазағымның қассиетті де қасіретті айы – желтоқсан айында ашылатын «Желтоқсан. 1986» тасбелгіміздің ашылу салтанатында күтеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 12:40
Қазаққа кім қымбат?
Сайт әкімшілігі 10:30
Тілдің болашағы талқыланды
Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27