28.06.2019, 20:10
91
ҚР президенттігіне үміткер болған Дания ЕСПАЕВАсайлау науқаны кезінде үгіт-насихатқа бөлінген уақыт өте аз болды дейді. Ол бұлтуралы Sputniknews.kzсайтына берген сұхбатында айттыдеп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қазақстантарихындағы президенттікке үміткер болған тұңғыш әйел кандидат өзінің үздікүштіктен көрінгеніне көңілі толатынын айтады. Сондай-ақ, үгіт-насихатжұмыстарымен ел ішіне барғанда өзіне қолдау көрсетушілердің көп болғанын даатап өтті.
«Әрине, алғашқы үштікте болам деп және көп дауысжинаймын деп күттім. Аймақтарға кездесуге барған кездерде сайлаушылардың меніқолдауға дайын екенін көрдім.… Бір жағынан уақыт өте аз болды. Бір айдыңішінде қанша тырыссаңыз да кандидатты танып-білу, бүкіл аймақтарды аралап шығумүмкін емес. Кезектен тыс сайлаулардың ең әлсіз жері – уақыттың тығыздығы. ...Әлеуметтікжелімен жұмыс істеуде олқылықтар болғанын енді түсініп жатырмын. Instagramпарақшамды сайлау бәйгесінің алдында ғана аштым, бірақ, тым кеш еді. Бізәлеуметтік желілердің мүмкіндігі мен әсерін жете бағаламаппыз», — дейдіЕспаева.
«Ақжол» партиясыатынан кандидатурасын ұсынған Еспаева бір сөзінде «Егер менің орныма АзатПЕРУАШЕВ сайлауға түссе көбірек дауыс жинар еді» дейді. Сонымен қатар, сайлаудажеңіске жеткен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жайлы:
«Бұл кісі саясат пен мемлекеттік басқаруда белгілідеңгейде тәжірибесі бар, бұрынғы қызметтерінде де біраз шаруа атқарды депесептеймін. Осындай саясаткермен бәсекелес болудың және жеңілудің ұяттығы жоқ»,- депті.
Еспаева сөзініңсоңында Қазақстандағы митингілерге үйрене беру керектігін, өйткені, бұл елдеенді басталып жатқан нәрсе екенін айтқан.
Фото: nur.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР