Еуропа елдері коронавирусқа қатысты жаңа шектеулер енгізе бастады

Сайт әкімшілігі

07.10.2020, 03:34

678

Жаңа санитарлық шектеулер Францияда күшіне енді. Кем дегенде екі аптаға Парижде және басқа да ірі қалаларда барлар жабылады. Мейрамханалар қатаң санитарлық хаттама аясында жұмыс істейді. Ел үкіметі кәсіпорындарға мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге кеңес беріп отыр. Италия билігі де күшейтілген талаптарды қарастыруда. Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца бүкіл ел бойынша ашық ауада қорғаныш маскасын тағу талабын міндетті етіп енгізді. Бұл ереже соңғы күндері коронавирус жұқтыру жағдайларының саны күрт артқан аймақтарда, оның ішінде Кампанияның оңтүстігінде қолданылады. «Бүгін, 6 қазандағы жағдай бойынша Италияда 59 мың адам коронавирусқа шалдыққан. Екі ай бұрын бұл көрсеткіш 12600 болған еді. Екі ай ішінде ауру жұқтырғандар саны күрт артып кетті. Мұны байқамау мүмкін емес», — деді ведомство басшысы. Лацио облысында билік балалар үшін коронавирусқа қарсы тестілеу процедурасын жеңілдетуге тырысуда, дәрігерлер талдама үшін балалардың сілекейін алады. Испанияның ұлттық сот алқасы Мадрид автономды қауымдастығында пандемияны болдырмау үшін енгізілген шектеу шараларын тоқтата тұрудан бас тартты. Сотқа «Вокс» партиясы өтініш білдірген. Карантин жеңілдегеннен кейін Испанияда коронавирустың таралу қарқыны тез өсуде. Елде экономикалық ахуал нашарлады, жыл қорытындысы бойынша Испанияның ЖІӨ 11%-дан астам қысқаруы мүмкін.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32