Еуропалық Одақ үшін Қазақстан жақын да сенімді серіктес - Еуропарламент депутаты

Еркежан АРЫН

20.03.2021, 16:31

219

Еуропалық Парламенттің депутаты Андрис Америкс Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Мен үшін қазақ халқы мен басшылығын көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтау үлкен мәртебе және шынайы қуаныш. Қыс өтіп, көктем келгенде, табиғат жаңа өмірге оянғанда, күн сәулесі үйге ғана емес, адамдардың жүректеріне жеткенде сіздер көктем мерекесі — Наурызды тойлайсыздар. Бұл мереке сіздің халқыңыз үшін ерекше, өйткені ол жаңа жылды, жаңа мүмкіндіктерді ашатын жаңа бастаманы бейнелейді. Бүкіл әлем қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқан уақытта кез-келген жаңа бастама бәріміз үшін үлкен өзгерістердің символы бола алады. Менің ойымша, адамзат үшін  ең қиын кезең аяқталды және бәрімізді жарқын болашақ күтеді деген үміт берудің дәл уақыты келді. Мен барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын және елдің әрбір азаматының үйі көктемгі күннің шуағымен жылынып, олардың жүректерінде жаңа бастаманы күтуін тілеймін. Еуропалық Одақ үшін Қазақстан ынтымақтастықтың жақын да сенімді серіктесі болып табылады және біздің қарым-қатынастарымыздың қарқыны жақсы дамып келеді. Сондықтан, Еуропалық парламенттің, Қазақстан халқы мен басшылығының арасындағы ынтымақтастық одан да тығыз әрі тиімді болатынына сенімдімін. Мен шын жүректен Қазақстан халқына ұлы және гүлденген мемлекет құруды және Қазақстан басшылығына даналықты, позитивті ойлауды және Қазақстанның дамуы үшін маңызды шешімдер қабылдауда орта жол таба білуді тілеймін», — деді депутат.

Біршама шетелдік ірі саясаткерлердің елімізді ұлттық мерекемен құттықтап жатуы, Қазақстанның халықаралық деңгейін көрсете алады деуге болады.

Қазақстан Орталық Азиядағы өте маңызды мемлекет, онсыз ЕО мен аймақ арасындағы ынтымақтастықты елестету мүмкін емес. Себебі Қазақстан ЕО үшін маңызды транзиттік аймақ ретінде геосаяси және экономикалық жағынан маңызды. Әрі біздің еліміз Еуропалық Одақ үшін сапалы адами капиталымен де қызықты. Қазақстан Еуропалық Одақ пен ОА қатынастары тұрғысынан аймақтағы ірі ойыншы болғандықтан да өте маңызды ел болып табылады. Ол Орталық Азиядағы бес елдің бірі, онсыз ЕО мен аймақ арасындағы қатынастарды елестету мүмкін емес.

Сонымен қатар, ЕО үшін демократия мен адам құқығы экономикалық пайдадан гөрі маңызды екенін атап өткен жөн. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген ірі саяси реформаларды бастағанын білеміз. Мұндай реформаларды, әсіресе олардың адам құқықтарын қорғауға қатысты болуын ЕО да құптайды. Қазақстандықтар да дауыстарының естіліп, билік уәделерін орындап, адам құқықтарының жағдайы жақсара береді деп үміттенеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01