Фейсбукте «свежий» әкімдер жарысып жүр

04.05.2019, 16:16

28

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢөңір, аудан әкімдеріне әлеуметтік желіден өз парақшаларын ашуды тапсырғаныАякөз және Тарбағатай ауданының жаңадан тағайындалған әкімдері үшін таптырмастамаша мүмкіндік болды. Іске кіріскендеріне бірер апта енді ғана болған қосәкім – Ділдәбек ОРАЗБАЕВ (Аякөз ауданының әкімі) пен Серікқазы СӘДУАҚАСОВ(Тарбағатай ауданының әкімі) «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы ел ішін аралап,кімді көріп, не тындырып жатқандарын күн сайын көрсетіп-ақ жатыр. Әрине,халыққа жақын болу үшін барған жердің жұртымен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажынтыңдап, мәселесін шешу – қай әкімнің де басты міндеті. Дегенмен, бұл екі әкімнің«бұрыннан отырған» басқа басшылардан айырмашылығы да баршылық, өзарабәсекелестікке баруға себептері де жоқ емес.

Мәселен, Аякөз ауданынаоблыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі апарып, таныстырып отырғызған ДілдәбекОразбаев бұған дейін Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.Обалы қане, Ділдәбек Тәжібайұлын тарбағатайлықтар ауданды басқарған алты жылғажуық уақыт ішінде аудан орталығы — Ақсуатты көркейтіп, ауылдардың экономикалықдамуын жөнге келтірген басшы ретінде қимай қоштасты. Ал Оразбаевтың алдындаАякөз ауданының әкімі болған Бақытжан БАЙАХМЕТОВТІ Даниал Ахметов өзініңорынбасары етіп «ертіп әкеткенін» («Ахметовтіңжанына Байахметов жайғасты») «Жасалаш» тілшісі бұған дейін де жазған болатын. Сол тағайындауда жаңа әкімгеДаниал Кенжетайұлы бұрынғы әкімнен «мұраға қалған» жылу қазандығын іске қосудыда тапсырып кеткені есімізде. Алайда, тек қазандық емес, Аякөзде қалған басқада шашетектен шаруа барын Ділдәбек әкімнің дамыл көрмей шапқылауынан көрініптұр.Ендігі қызықты Тарбағатай ауданына жаңадан тағайындалған СерікқазыСәдуақасовтың Оразбаевтан кейінгі «эстафетаны» жалғастыруынан көруге болады. БұрынҮржар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серікқазы Құсайынұлынегізінде халықпен де, БАҚ-пен де тіл табысуға епті, әлеуметтік мәселеге сергекқарайтын басшы. Бірақ, өз алдына дербес әкім болып «бөлек шыққаны» енді ғана.Содан болар өзінің алдындағы әкім (Д. Оразбаев) талай түйткілдің түйінінтарқатып кетсе де тыңнан түрен салуға білек сыбана кіріскен жайы бар. Бәрінтізбей-ақ Зайсан ауданынан 600 түп алма ағашын әкеліп Шыбынды ауылыныңтопырағына егіп жатқан сәтіне тоқталайық. Өзі де алма өсетін ауданнан ауысыпкелген әкімнің бұл тұрғыдағы бастамасы құптарлық. Бірақ, оны халықтан бұрынкезінде өзі де осы ауданда әкім болған, одан бөлек Аякөз, Шемонаиха аудандарынжәне Семей, Алтай қалаларын басқарған Айбек КӘРІМОВТІҢ көріп қалып, пікірбілдіргені қызық көрінеді.

«Батыл жоспарлар қабылдаңыз.Тарбағатайжерінде алманың бейімделген сорттары да, жүзім де, мәдени өсімдіктердіңбәрі де өседі. Күннің қызуы жеткілікті. Су ресурстарының алғы шарттарыжасалған. 2006-2008 жылдары ұсынылған Қандысу, Қарғыба, Базар, Тебіске сутоспалары жоспарлы түрде қаржыландырылды.
Егінжай шаруашылығын елдің дағдысына айналдыру қажет. Бұл проблеманы өзбекағайындарды, не шымкенттен тумаларды көшіріп әкеліп қана шешуге болады деудұрыс пікір емес. Қазіргі кезең Жалған жарнаманы қажетсінбейді»
деп ақыл айтыпты Айбек Кәрімов (30.04.2019).Жанашырлықпен айтылған тілектестік шығар. Бірақ, мұндайда «кезіндеөзі әкім болып тұрғанда қайда қалған?» деген ой да көлденеңдейтіні түсінікті.Әрі егінжайды шешу үшін «өзбек ағайындарды немесе шымкенттен тумаларды әкеліпқана шешуге болады деу дұрыс емес» деп Түркістан өңірінің тумасы ДілдәбекОразбаевты іле кеткен пендешілігіне таңырқамасқа шараң жоқ. Кәрімовтің декезінде Аякөз ауданын басқарғанын ескерсек, іштей осы әріптесіне деген қыжылыбары байқалғандай ма, қалай?..

Жалпы, С. Сәдуақасов қазір аудандағы 17ауылдық округ, 60 елдімекенді аралау үстінде. Тіпті, бел жазып, кабинетінекеліп демалып отыруға мұршасы жоқтығын күнделікті парақшасына істерін жазыпүлгеріп жатқанынан көруге болады.

«Бүгін (03.05.2019) Қабанбай және Тұғыл ауылдықокругтерінде болып, округтердің тыныс-тіршілігімен таныстым. Қабанбай ауылдықокругіндегі Шорға каналын тазалау, егістік жерлерді пайдалану, бруцеллез ауруыназайту туралы тапсырмалар беріп, алдағы уақытта аталған мәселелер біртіндепорындалады. Ал Тұғыл ауылдық округінде де бруцеллез ауруын азайту, қоқыстөгетін полигон алаңын тазалау, жолдарды жөндеу мәселесі, көше жарықшамдарынорнату, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің жылу жүйесін жөндеу, мәдениетошағына жөндеу жұмыстарын жүргізу және өнер мектебін ашу туралы ұсыныстартүсіп, оларға нақты жауаптар қайтарылды» дейді жаңа әкім кейінгі кездесуіжайлы. Сәдуақасовтың ары қарайғыістеріне сәттілік тілеп, оған Тарбағатайды «тастап», Аякөзге бет бұрып кеткенДілдәбек Оразбаевқа ойысайық.

«Құдайым бізге сіздей әкім берді...»

 Жыр етіп Ділдәбектей ақылды ерді,
Буайын тәуекелге батыл белді.
Ассалаумағалейкүм, әкім аға,
Алдыңа арнау айтып ақын келді.
Тарбағатай халқынан алғыс алған,
Құдайым бізге сіздей әкім берді.

,-деп өлеңдетіпті аякөздік айтыс ақыны Қазбек БАЙЖҰМАНОВжаңа әкімге қаратып. Ауылдарға әлі ұзап шыға қоймаған Д. Оразбаев өзіне одажазған ақынның жырын оқып үлгермеген шығар. Өйткені, ауылдарын айтпағандаәлеуметтік мәселесі бірінен-бірі өтетін Аякөздің өз басындағы проблемажетерлік. Соның бірі — қаланы жарықтандыру жайы. Оразбаевтың тоғыз жолдыңторабындағы қала статусы бар аудан орталығын аралағанда алдынан шыққаны да осыпроблема болса керек.

 «Кеше (29.04.2019) қаланың түнгі көрінісінбақыладым. Әсіресе, кешкі уақытта жарықтандыру мәселесі мені ерекшетолғандырады. Қалаға келген қонақтарға алдымен қаланың кіреберісі бірінші көзгеілінеді деп ойлаймын. Сондықтан темір жол бекеті, автокөлікпен қалаға кірертұстарын да көріп қайттым. Бұл жерде де қолға алатын шаруалар бар. Сол себептіорынбасарларым мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар бердім. Тағы бір айтакететін мәселе, биыл қала ішінде жүруге келмейтін көшелерге мүмкіндігіншеқиыршық тасты құм төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізбекпіз» дейді «свежий»әкім «Фейсбуктегі» парақшасында.

Әкімнің осылай деуі мұң екен, тұрғындарда жарықтың да, басқасының да зарықтырғанын тізбелей жөнеліпті. Кезек беріпкөрейік:

АсельАбуталип: Кудерина көшесі (Күдеринболса керек-авт) қараңғы. Тортайдың бұрылысындағы көшені жарықтандыруыңыздысұраймыз.

МаратАхметов: Әкім мырза, жұмысыңыз берекелі болсын. Дұрыс бастама деп ойлаймын. Көңілдеріңіздітеміржолдың арғы бетіне (За линий) бөлсеңіздер жаксы болар еді, таулы аймақ қараңғы.Иттер бар мектептен бала- шага қайтқанда қоркады.

ДәулетҚасқатаев:  Өзіңізбенбірге Тарбағатай ауданында қызмет атқардым, әр еңбегіңіз менің көз алдымда. Сол сияқтыжасаған игі істеріңізді Аягөз қаласын, қала деген атына сай дәрежеде көтерсеңіз,көркейтсеңіз екен деймін. Аягөз қала болғанымен, тұрғындар, жастар жазмезгілінде қыдырып аралап, баратын жері жоқ...

Р. С. Мұндай ұсыныстар, тілек, шағымдар алдағы уақытта да жалғаса берерісөзсіз. Біз соның біразына ғана тоқталдық. Айтпақшы, Аякөз ауданына іссапарменшыққанымызда аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың қаланы аралап жүрген сәтінекездейсоқ куә болып қалдық. Әскерилер қалашығындағы мектеп пен бала-бақшағабарған беті екен. Қауырт жұмысына қарамастан «Жас алаштың» журналисіменкездесуге ниет білдіргені қуантты. Өйткені, көп ауданға жол түскендемемлекеттік БАҚ-тың тілшілермен ғана тілдесіп үйренген шенеуніктер тәуелсізжурналист көрсе, орынбасарына, не бөлім басшыларына сілтеп тұра қашатынынаетіміз үйреніп қалған болатын. 

-Мәселеніқанша жасырып-жапсаң да жарияға шығып жатады. БАҚ өкілдеріне қай әкім болсын,ашық болуы керек деп ойлаймын. Қандай журналист жазса да мәселе көтергенненкейін, оны шешуге назар аударғанымыз жөн. Қазір Аякөз қаласының бірқатарнысандарында болдым, шешімін күткен жағдайлар жетерлік. Менің жұмыс стилім сол– қашан да халықтың ортасынан табылу. Жергілікті басшылардың мәліметіне емес,тұрғындардың әрқайсының ұсыныс, тілек, шағымдарына құлақ түру,-дейді Д.Оразбаев тілдескен сәтімізде.

Атқа қонғандарына бір аптадан ендіғана асқан қос әкімнің аз уақыт ішінде әлеуметтік желі де өздерін көрсетіпүлгерген істерінің ұзын-ырғасы осындай. Жаңа әкімдер қайда тағайындалса дабайқалғаны -бұрынғы әріптесі енгізіп кеткен «соқпақпен» жүруге тырыспайтыны.Әрине, бес саусақтың бірдей болмайтыны сияқты, әкімдердің де жұмыс стиліәртүрлі болуы заңдылық. Ең бастысы халықтың күнтәртібіндегі әлеуметтікмәселелерін шешуге жараса болғаны. Айтарымыз- осы ғана.

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42