Франциямен байланыс нығаюда

Сайт әкімшілігі

03.02.2021, 21:31

144

Түркістан облысының Франциямен экономикалық байланыстары нығаюда. Жуырда өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістанға жұмыс сапарымен келген Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канеспен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыс пен Франция Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын талқылады. Дидье Канесс Түркістан облысына деген үлкен қызығушылықтың айқын екенін атап көрсетіп, екі ел арасында туризмді дамытуға тоқталды. Өз кезегінде Өмірзақ Естайұлы өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Өңір басшысы Франция Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойған алғашқы еуропалық елдің бірі болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар туризм және білім беру салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестіктің басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылы Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті мен Анжэ университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Құжат білім алу, зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу мақсатында студенттермен, профессорлық-оқытушылық құраммен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ туризм индустриясы мен қонақжайлылықты дамыту саласында бірлескен конференциялар, семинарлар өткізуді көздейді. Болашақ мамандар үшін тілдік курстарды ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылады.

Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның жаңарған келбеті таң қалдырғанын және өңірдің экономикалық әлеуеті жоғары екенін айтып өтті. Дидье Канес облыс басшысына жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде сенімділік білдірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайна ТӘТТІМБЕТ 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51