«Газ бағасынан басталған наразылық саясиланып, үлкен талапқа ұласып жатыр»

Қуаныш Әбілдәқызы

04.01.2022, 14:13

1180

Жаңаөзендегі жағдайға орай әртүрлі сала өкілдері де өз пікірлерін білдіруде. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Газ бағасы, жалпы қымбатшылықтан басталған наразылық жиналған жұрт саны көбейген сайын саясиланып, үлкен талапқа ұласып жатыр» дейді.

Одан ары «Бұл 30 жылдық сірескен жүйе мен ат төбеліндей олигархтардың халық қазынасын қанағатсыз тонап, шектеусіз билеп-төстеуіне деген наразылық. Бұл тек Жаңаөзен, Ақтаумен тоқтамай еліміздің басқа қалаларына да өтуі ықтимал. Осы тұста түрлі провокаторлардың әдейі ұйымдастыруы мүмкін арандату әрекеттерінен өте абай болған жөн.

Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батыл әрекеттер жасауға тиіс. Ол үшін қауіпсіздік кеңесті тарқатып, билік тізгінін толықтай өз қолына алуы, өкіметті отставкаға жіберуі керек. Бұған елбасы да қарсы болмайды. Себебі Назарбаевтың билеуші партия Нұр Отанның тізгінін президентке тапсыру туралы жақында ғана жариялаған шешімі түбінде билікті толықтай бір қолға өткізетіндігінің ниеті деп түсіндік. Сондықтан Мемлекет басшысы билік тізгінін толықтай өз қолына алып, түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды тездетуі қажет.

Бұл анархия мен саяси берекетсіздіктің алдын алу һәм еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы үшін аудай қажет қадам. Алла елімізді бітпейтін бүлік пен даудан сақтап, тыныштығымыздан айырмасын» деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір қалдырыпты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38