Генерал Аблазимовтің ағасы миллионер

20.11.2019, 13:58

144

Батыс Қазақстаноблыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан АБЛАЗИМОВТЫҢбауыры миллионер екен.

Махсудхан НҰҒМАНҰЛЫбірер күннің ішінде Qaznet-те танылып үлгерді. Оралдық блогер Айболат БӨКЕНОВ18 қарашада Зачаган кентінде жол апаты болған жерге барған.  Борттық нөмірі 174, мемлекеттік нөмірі 614 КР07 патрульдік полиция көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. Блогерполиция департаменті басшысынан осыған қатысты сұхбат беруін сұраған.Бөкеновтың айтуынша, генерал мырза ұялы телефонын тартып алыпты.

Айтпақшы, бұл іскеқатысты әзірге ресми ақпаратты көзіміз шалған жоқ. Қыз баланы қаққан полицияқызметкерлерінің аты-жөндері кім? Оларға қандай шара қолданады? Қызметтерінжалғасытра бере ме? Әлде… Қысқасы, Махсудхан Аблазимов мырзаға сұрақтар аземес.

ЖергіліктіУральская неделя басылымы ашық дереккөздерден Аблазимов жайлы ақпараттардыжинап оқырмандарға ұсынған екен. Біз де соны бөлісуді жөн көрдік.

Махсудхан Аблазимов1962 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Екі жоғарғы оқу орнынаяқтаған. 1990 жылы 28 жасында Қаныш СӘТБАЕВ атындағы политехникалықуниверситетті аяқтаған. 2001 жылы 39 жасында заңгерлік мамандық бойынша ОрталықАзия университетінің дипломын алған. Қырыққа таяған бірақ заңгерлік мамандыққаие болған Аблазимов қатарынан қалмады. Керісінше ерте полициялық қызметтібастаған кейбір әріптестерін артқа тастап кетті. 2015 жылы 53 жасындагенерал-майор шеніне ие болды.

Карьерасын 1989жылы жол полициясынан бастаған. Маңғыстау, Ақтөбе облыстық полициядепартаментін басқарған. 2010-2014 жылдары ІСМ орталық апаратында түрліқызметтер атқарыпты. 

Біздіңкейіпкеріміздің отбасы мен балалары туралы ғаламторда ешбір ақпарат жоқ.Алайда, миллионер ағасы Бахаридин АБЛАЗИМОВ жайлы мәліметтер кездеседі.Бахаридин НҰҒМАНҰЛЫ қазақстандық Форбс журналының рейтингінде 50 байкәсіпкерлердің қатарында. 2018 жылы 167 млн АҚШ долларымен 32 орынғажайғасыпты. Ол экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ күйеу баласы ТимурҚҰЛЫБАЕВТЫҢ бизнестегі серіктесі екен.

Фото: zhaikpress.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44