Генерал Қайдаров Желтоқсан оқиғасында жастарды жазаламаған еді

28.12.2019, 08:53

229

Bek Air ұшағында қайтысболған полиция генерал-майоры Рүстем ҚАЙДАРОВ жайлы фейсбук әлеуметтікжелісінде естеліктер де жазылып жатыр. 1986 жылы Алматы жастарын қолдап алаңғашыққан жезқазғандықтарды Рүстем Қайдаров заң бойынша жазаламаған. Марқұм солжылдары Жезқазғанда Ішкі істер басқармасының бастығы болған.

«Бүгін самолет апатынан генерал-майор Рүстем Қайдаров ағам өмірден өтті. Соңғыжылдары Генералдар кеңесінің төрағасы болып іс атқарған еді. 1986 жылыЖезқазған ішкі істер басқармасын басқарған Рүстем аға алаңға шыққан жастардыішкі істер ауласына әкелтіп, келесі есіктен қайта шығартып үйлеріне қайтарғаннағыз ір Азамат бола білген бірегей басшы еді. Бұны жезқазғандықтар аңыз етіп айтып келеді. Сол күндері бір де бір адамға қиянатжасатпаған Ер азаматық емес пе? Жүсіпбек Аймауытұлы, Қаныш Сәтбаев, ӘлкейМарғұланның інісі бола білген Рүстем ағаның басқаша болуы да мүмкін емес қой.Осыдан екі жыл бұрын балаларымның әкесі дүниеден өткенде: «жастардыңбізден бұрын дүниеден өткені дұрыс емес-ау, қиын екен, кезек біздікі еді»деп мені жұбатып еді. Рүстем ағамның сүйікті жары профессор Әймен Апама,Ұлы Ербол мен Қызы Гүлсімге көңіл айтамын. Рүстем ағамның Отан үшін, ел үшінатқарған адал істері үшін Жәннатты нәсіп етсін бәрін көріп тұрған Алла Тағала», — деп жазды Фесбукәлеуметтік желісінде алаштанушы ғалым Айгүл ІСМАҚОВА.

Генерал Қайдаров желтоқсанның27 күні Алматы әуежайының маңында құлаған Fokker-100 ұшағында болған. Ұшақта 93жолаушы мен бес экипаждың мүшесі болыпты. 12 адам қайтыс болып, 49 адам түрлідене жарақатын алған. Бүгін 28-желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні.

Фото: news.myseldon.com



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47