Генералдардың орнына подполковник пен капитан отставкага кетті ме?

03.08.2018, 19:49

345

Алматының жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция подполковнигі Жасұлан БАЙКЕНОВ қызметінен кетті. Бұл туралы Жас Алаш Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Рапорт беруіне орай жергілікті полиция басшысы Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы қызметінен босатылды», — деп хабарлады Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі.Сондай-ақ, қызметтегі олқылықтары үшін Алмалы аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Серік ҚҰМАБЕКОВ қызметінен алынып тасталды. Капитан 2017 жың сәуір айында осы қызметке келген болатын. [caption id=«attachment_15566» align=«alignleft» width=«800»]Жасұлан Байкенов. Фото: time.kz[/caption]Подполковник Байкенов өзінің ішкі істер саласындағы еңбек жолын  2004 жылы Алмалы аудандық ІІБ қарасты учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметінен бастаған. 2007 жылдан бері қаланың әр түрлі аудандарында қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерін басқарды. Метрополитендегі ІІБ бастығының орынбасары және Түркісіб ауданының ІІБ бастығының орынбасары қызметін де  атқарған. Қала әкімі Бауыржан БАЙБЕКТІҢ өкімімен 2016 жылдан бері жергілікті полиция қызметін басқарған. Жергілікті полицияның негізгі міндеттер — бұл құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оперативтік жағдай бойынша келіп түсетін ақпараттарды жинау және сараптау, қылмыстар, қоғамдық тәртіптің бұзылуы, табиғи апаттар және басқа да төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою және кезекші тәуліктерде орын алған қылмыстық әрекеттердің ізін суытпай бетін ашуға күш салу секілді міндеттер жүктеледі.Белгілі спортшы Денис ТЕН 19 шілде күні Алматыдағы Алмалы ауданында ұрылар қолынан қаза тапқан еді. Бұл отставкалар осы бір қайғылы оқиғамен байланысты болуы әбден мүмкін. Алайда, қоғам подполковник пен капитанның емес Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұханбет ҚАСЫМОВ және Алматы қаласы ІІД-нің бастығы, генерал-майор Серік КҮДЕБАЕВТЫҢ отставкаға кетуін талап еткен.Фото: tengrinews.kz   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 17:11
Алматының экология басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 09:50
Екі облыста су тасқынының қаупі күшейді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 14:49
20 жылдық тәжірибесі бар 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:20
Қошанов сайлау әділ өтіп жатқанына сенімді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:09
Ел бойынша 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр - ОСК
Еркежан АРЫН 18.03.2023, 15:45
Газ генерациясы – Қазақстанның энергетикасының тиімділігін арттырудың ұтымды жолы

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28