Генералдың інісі көлігімен адам қағып өлтірді

03.05.2018, 16:27

94

Шымкентте ішкі істер органдарының қызметкері Жандос ОРАЗАЛИЕВ көлігімен байқаусызда адам қағып өлтірді. Адам өліміне апарып соққан жол ережесін бұзу бабы бойынша айып тағылған ол сот алдындағы тиісті жазасын алды. Бұл туралы zhasalash.kz өңірдегі тілшісі хабарлайды.Жалпы, Оразалиевтер отбасы лауазымды полицейлер көп шыққан танымал әулет саналады. Осы әулеттің өкілі генерал Молдияр ОРАЗАЛИЕВ бір кездері Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бас басқармасының бастығы болған, бұдан кейінгі жылдары Ішкі істер министрлігінде лауазымды қызметтерді атқарған. Сотталушының әкесі  бір кездері Сайрам аудандық ішкі істер басқармасын басқарған. Ал Жандос Оразалиевтің өзі оқиға болған кезде Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы анықтау бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Оқиға 2017 жылы 18 тамызда Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе ауылында орын алған. Кешкісін сақтандыру полисінің жоқтығына қарамастан әпкесінің атына тіркелген BMW көлігімен Ақсуенттегі үйіне қайтып бара жатқан анықтаушы жол ережесін сақтамаудың салдарынан ауыл ортасындағы бағдаршамнан өтіп бара жатқан ерлі-зайыпты Г.Маханов пен Б.Бөкенбаеваны және олардың жеті жастағы ұлдарын қағып кеткен.

Сот барысында Ж.Оразалиевтің өзі кінәсін мойындамаған. Ол автобустардың қалқасынан кенеттен шыға келген жәбірленушілерді байқамай қалғанын, жол-көлік оқиғасының алдын алудың мүмкін болмағанын айтыпты. Жәбірленуші  Маханов оқиға орнында қаза тауып, оның әйелі мен ұлы  Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.Сот  Оразалиевті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, көлік басқару құқығынан төрт жылға айырған. Алайда жазаны шартты түрге ауыстырған. Бұлай істеуіне жәбірленушінің кешірім бергені себеп болған көрінеді. Қаратау аудандық сотының үкіміне қарағанда, Оразалиевтің туыстары жәбірленуші жаққа үй сатып алып бергенге ұқсайды.

Фото: tengrinews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 14:45
Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша бірегей жоба жүзеге асырылады
Мариям МАҚСАТ 07.04.2021, 08:17
Қараша халықтан тартып алмаған не қалды?
Еркежан АРЫН 06.04.2021, 15:16
2021 - Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19