«Генералдың ұлының өліміне күйеуім кінәлі емес»

25.09.2019, 10:17

184

Қазақстандық БАҚ-тың бірінде Алматыдағы №4 аурухананың бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВТЫҢ жары Дина ТЕЗЕКБАЕВАНЫҢ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА жазған хаты жарияланды.
Дина Тезекбаева өз хатында Алматы қалалық полиция департаменті бастығы, генерал Серік КҮДЕБАЕВТЫҢ ұлы Нұрсұлтан КҮДЕБАЕВТЫҢ өліміне күйеуінің кінәсі жоқтығын айтады. 
«Нұрсұлтан Күдебаев Германияда қайтыс болғанан кейін, яғни, операциядан кейін 26 күн өткен соң күйеуім қызметінен түсіп қалды. Еш нәрсе түсіндірместен, себепсіз қамауға алынды. Кепілдік арқылы босату құқығынан да айрылған. №4 ауруханада Нұрсұлтан Күдебаевқа операция жасалған кезде менің жолдасым екі ассистенттің бірі ғана болды. Және операцияның нәтижесіне жауапты маман болған жоқ», — дейді айыпталушының жары Дина Тезекбаева өз хатында. 
Хат иесінің айтуынша генералдың ұлы 2019 жылдың шілде айында жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізіледі. Артынша №4 ауруханаға ауыстырып ота жасалған. Кейін Германияға апарғанымен сол жақта көз жұмады. Сондай-ақ, бұл іс бойынша анестезиолог Асқар ТҰҢҒЫШБАЕВ та қамауға алынған. 
Дина Тезекбаева, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНАН бұл істі тікелей бақылауына алуын сұрайды. Және тергеу мен соттың ашық жүргенін қалайды.   
Қамаудағы дәрігер Қанат Тезекбаевтың әріптестері Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕККЕ хат жолдауда. Дәрігер Қайрат СМАҒҰЛОВ билік партиясынан әріптесін кепілдік арқылы босатуды сұрап отыр.  

Генерал Күдебаевтың ұлы квадроциклмен жол апатына түскен болатын. Тамыз айының соңында Германиядағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды. 29 жастағы Нұрсұлтан Күдебаев Алматы қаласына қарасты Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Фото: sputniknews.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58