Ғимараттар пайдалануға берілді

Сайт әкімшілігі

21.12.2020, 10:05

1032

Тәуелсіздік күніне орай, Іле ауданының  тұрғындары қоныс тойларын тойлады. Ауданымыздың ең беделді округі Боралдай кентінде  130 пәтерлі  көпқабатты үйден 7-20-25 және 5-10-20 мемлекеттік бағдарламасымен көпбалалы аналарға, жас мамандарға, жылдап үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер берілді. Жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған аудан әкімі Бағдат Қарасаев: «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді күн тәртібінен түсірген емес. Міне, бүгін ұлы мереке қарсаңында «Азар» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі салған көпқабатты тұрғын үй кешенінің пәтерлері өз иелерін тапты» — деп, мұндай игі шара алдағы уақытта жалғасын табатынын сеніммен айтты. Жаңадан пәтер алып, қуанышқа кенелген кент тұрғыны Фарида Есенгелдіқызы:  «Бұл – біз үшін зор қуаныш. Тұрмысқа шыққалы 13 жылдың жүзі болыпты. Басымызда бір пәтер болса екен деп армандаушы едік. Міне, бүгін сол арманымызға қол жеткіздік. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы  15 жылға несиемен алдық. Үй кезегінде 7 жыл тұрдым. Осы күнге дейін пәтер жалдап жүргенбіз. Қуаныштымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!» — деді. 

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өткен жылы облыс әкімімен келісіліп, иженерлік желілерінің сметалық құжатына 89 миллион теңге қаржы бөлініп, салынған еді. Келесі жылы да дәл осы «Азар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 110 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салатын болады. Оның бәрі Тұрғын үй жинақ банкіне «Шаңырақ», «7-20-25» бағдарламалары бойынша салымшыларға берілмек. 

Сондай-ақ, мереке қарсаңында Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасы күрделі жөндеуден өткеннен кейін қайтадан пайдалануға салтанатты түрде берілді. Аталған шараға да аудан әкімі қатысты. Негізінде бұл балалар бақшасы ең басында 1957 жылы пайдалануға берілген осы ауылдағы ең көне мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме еді. Кейіннен 1985 жылы оған жапсарлас ғимарат салынып, кеңейтілген болатын. Ал, қазір сапалы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тәуелсіздік күніне тарту ретінде елді қуантқан  тағы бір жақсы жаңалық – үш ауысымдық оқу үрдісін азайту мақсатында Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №19 орта мектептің жанына салынған 300 орындықты жапсаржайдың ашылуы. Мектеп жапсаржайы заманауи жабдықтармен қамтылған ағылшын, химия, физика және информатика кабинеттерімен қатар, ұлдар мен қыздарға арналған еңбек пәні кабинеттері, спорт зал мен асхана да кеңінен, заманға сай қарастырылған. Сонымен қатар, ұстаздарға арналған мәжіліс залы да бар. Бұл залда кез келген іс-шараларды өткізу үшін ұстаздар мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. 

Іле ауданы жыл қорытындысы бойынша облыс көлемінде тағы да суырылып алға шығуы мүмкін. Айта кетейік, желтоқсан айы басталғалы Іле ауданында игілікті істер көбейе түскен. Оның бірі Өтеген батыр кентінде 60 пәтердің кілтін дәл осы «5-10-20» бағдарламасы бойынша аудан әкімі тұрғындарға өз қолымен табыс етті. Аудан басшысы аудан көлемінде құрылыс жұмыстарын жүргізген барлық  компанияларға тұрғындардың атынан шынайы алғысын білдірді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08