Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды

Сайт әкімшілігі

11.09.2020, 03:26

548

Грузияда коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталып жатыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, — деп хабарлайды «Грузия Online» және Sputnik-Грузия.

Бейсенбі, 10 қыркүйекте Грузияда елдегі пандемия кезінде COVID-19-дың ең жоғары тәуліктік көрсеткіші тіркелді — 57 адам. Науқастардың саны, соңғы мәліметтер бойынша, 1830 адамға жеткен, 19 адам қайтыс болған. 

«Бүгінгі 57 және кешегі 44 жағдай елдегі эпидемиологиялық жағдай біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсетіп отыр. Біз екінші толқын болады деп болжадық және бұл процесс басталып келе жатыр. Күзде болады деп есептедік, күзде басталды. Бастысы дүрбелеңге еш себеп жоқ. Себебі біз жағдайды толығымен бақылауға алып отырмыз», — дейді Гахария.  

10 қыркүйектен бастап елде мерейтой, үйлену тойы, басқа да іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынған. 

1 қазанда ашылады деп жоспарланған театр, кинотеатр және балалардың ойын-сауық орталығының ашылуы 1 қарашаға ауыстырылған. 

Ал Грузияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамар Габуния мемлекет коронавирустың тарау көрсеткіші бойынша жасыл аймақтан сары аймаққа өткенін мәлімдеді.  

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:45
«Биылдың өзінде 200». Nur Otan үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін қалай шешеді
Сайт әкімшілігі 13:38
Алматының дәрігерлері Бекшин айтқандай "құрылыс костюмін" киіп жүр ме?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:27
Он жылдан бері ауызсуға зәру
Серік ШАЙМАН 08:40
«Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?»
Сайт әкімшілігі 20.04.2021, 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 20.04.2021, 13:51
Тәуелсіздік не берді?

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32